Ресейде Human Rights Watch сайты бұғатталды

Роскомнадзор Бас прокуратураның шешімімен Ресейдегі Human Rights Watch сайтын бұғаттады. Бұл туралы Роскомсвобода телеграм арнасында хабарланды.

Сонымен қатар, бұғатталған сайттардың реестрінде HRW сайтында жарияланған Ресей шабуылынан кейін қайтыс болған бейбіт тұрғындар жайлы материалға сілтеме қойылған.

Бас прокуратураның шешімімен жалпы 24 интернет ресурс бұғатталды. Оның арасында  “Громадське радiо”, Gazeta.ua, “Апостроф”, “Цензор.нет” сайты да бар.

Роскомсвобода мәліметінше, Украинаға қарсы соғыс басталғалы Роскомнадзор Ресейде шамамен 2300 ресурсты бұғаттады. Олардың арасында “Настоящее время”, “Радио Свобода”, “Голос Америки”, “Медуза”, “Deutsche Welle”, “Bild”, “Белсат” және басқа да сайттар бар.

Контекст

Human Rights Watch 1978 жылдан бері әлем бойынша адам құқығы тапталғаны жайлы хабардар ететін халықаралық құқық қорғау ұйымы. Ұйым зерттеушілері 100-ден астам елде жұмыс істейді. Бас штабы АҚШ-та орналасқан.

Төлепберген Маликов. Сулейман Демирел университетін журналистика мамандығы бойынша тәмамдаған. Азаттық радиосының Прагадағы бас штабында тәжірибеден өткен. 2018 жылдан бастап Factcheck.kz сайтында жұмыс істейді.

Factcheck.kz