New York Times газеті АҚШ-та коронавирустан қайтыс болған 500 мың адамды еске алды. Бұл туралы басылымның Twitter парақшасында хабарланды.
Басылымның бірінші беті жарты миллион нүктемен жарияланды. Олардың әрқайсысы қайтыс болған адамды білдіреді.

New York Times басылымы коронавирустан қайтыс болғандарды еске алуы бірінші рет емес. Былтыр газеттің алғашқы бетінде коронавирус инфекциясынан қайтыс болған адамдардың аты-жөндері мен некрологтар үзіндісін жариялаған.
Сол кезде газеттің алғашқы бетінде басылым дерегі, тақырып және қайтыс болғандардың аты-жөні және некрологтар үзіндісінен басқа ешқандай мақала жарияланбаған. Газет қызметкерлерінің айтуынша, олар қайтыс болғандардың аты-жөндерін жариялап қана қоймай, некрологтардың жазғандарын да басуды жөн көрген. New York Times редакторлары оларды аймақтық басылымдардан тапқан.
Пікір қалдыру үшін өз аккауныңызға кіріңіз.