Neuralink тағы бір ерікті адамның миына чип салады

Илон Масктың Neuralink компаниясы АҚШ-тың Азық-түлік және дәрі-дәрмек басқармасынан (FDA) екінші ерікті адамның миына чип салуға рұқсат алды. Бұл туралы DW хабарлады.

Маск X әлеуметтік желісінде компания чипті миына салғысы келетін еріктілердің өтінішін қабылдап жатқанын айтты.

Бұл біздің кибернетикалық “Телепатия” ми импланты. Ол сізге телефон мен компьютерді жай ғана ой арқылы басқаруға мүмкіндік береді.

Илон Маск, кәсіпкер

Бұл капсула есту аппараты сияқты құлақтың артына бекітіледі және сол арқылы жіп тәрізді электродтар миға түседі.

Factcheck.kz