Нейрожүйе суреттегі адамды сапалы қартайтуды үйренді

Американдық әзірлеушілер бір суреттің көмегімен адамның қартаю кезеңдерін немесе оның бет-әлпеті жас кезінде қандай болғанын болжайтын нейрожүйе құрды. Бұл туралы N+1 басылымы хабарлайды.

Бұл жүйенің басқа алгоритмдерден, соның ішінде FaceApp-тан айырмашылығы, нейрондық желі құрылымды ғана емес, сонымен қатар бет пен оның жеке бөліктерінің пішінін өзгертеді.

Бірақ әзірге бұл алгоритмдердің шешілмеген бірнеше мәселе бар. Біріншіден, олардың барлығы дерлік тек екі жаспен жұмыс істейді — мысалы, жастарды қартайтады. Екіншіден, алгоритм суреттегі бет құрылымын ғана өзгертеді, ал адам шын өмірде қартайғанда бет пен оның жеке бөліктерінің пішіні де өзгереді.

Adobe компаниясының және Вашингтон мен Стэнфорд университеттерінің бір топ зерттеушілері Ира Кемельмахер-Шлицерманның (Ira Kemelmacher-Shlizerman) басшылығымен жаңа алгоритм құрды. Ол суреттегі адамды кезең-кезеңге бөліп қартайтады, сонымен бірге бет құрылымы мен пішінін өзгертеді.

Авторлар ерлер мен әйелдер үшін екі бөлек модель жасады. Flickr FFHQ адамдардың датасетін қолданды және краудсорсинг көмегімен 70 мың фотосуретті жас бойынша бөліп шықты. Әр фотосуретті үш түрлі адам бағалады.

Осыдан кейін әзірлеушілер алты аралықты қалдырды: 0-ден 2 жасқа дейін, 3-тен 6-ға дейін, 7-ден 9-ға дейін, 15-тен 19-ға дейін, 30-дан 39-ға дейін және 50-ден 69-ға дейін. Оқыту генеративті-бәсекелес нейрон желі схемасы бойынша жүргізілді.

Factcheck.kz