НАТО Финляндия мен Швецияны альянсқа қабылдайтын хаттамаға қол қойды

5 шілдеде НАТО-ға мүше 30 елдің елшілері Финляндия мен Швецияның альянсқа қабылдау туралы хаттамаға қол қойды. Бұл туралы Deutsche Welle (DW) сайты хабарлады.

Ендігі кезекте екі елді НАТО-ға қабылдау туралы шешімді альянстағы барлық 30 елдің үкіметі мақұлдауы керек.

DW хабарынша, Финляндия мен Швеция НАТО-ның барлық жиындарына қатыса алады, дегенмен әзірге дауыс беру құқығы жоқ.

Контекст

  • Ресей Украинаға соғыс ашқаннан кейін, Швеция мен Финляндия бейтарап позициядан бас тартып, НАТО-ға кіруге өтініш білдірді.
  • Швеция мен Финляндия 2016 жылғы “путчке қатысы бар күрд экстремистерін” Түркияға экстрадациялау туралы шешім қабылдағаннан кейін Ердоған екі елдің НАТO-ға кіруін құптады.
  • Кейін альянс Швеция мен Финляндияны НАТО-ға қабылдау процесін бастады.

Қазақстан мен Орталық Азиядағы фактчекинг. Орталық Азиядағы алғашқы фактчекинг ресурсы. 2017 жылдың мамыр айында ашылған. Халықаралық фактчекинг ұйымдар желісінің (IFCN) мүшесі.

Factcheck.kz