Мишель Обаманың “еркекке” ұқсайтын фейк фотосы тарады

Интернетте АҚШ-тың бұрынғы бірінші ханымы Мишель Обаманың Барак Обамамен бірге рождествода түскен ескі фотосы тарады. Суретте Мишельдің шашы қысқа әрі түрі ер адамға ұқсайды. Snopes фактчекерлері фотоның өңделгенін анықтады.

2022 жылғы 5 қазанда Facebook қолданушысы АҚШ-тың бұрынғы ханымы Мишель Обаманың ер адам болып туғаны және есімі Майкл екені туралы қастандық теориясын одан әрі өршітетін фото жариялады.

Мишель Обаманың "еркекке" ұқсайтын фейк фотосы тарады
Түпнұсқа фото (оң жақта) және өңделген фото (сол жақта)

Сонымен қатар бұл фото АҚШ-тың Теннесси штатындағы Джермантаун қаласының мэрлігіне ресми үміткердің әйелі Ванда Фриман Барзиццаның Facebook-тегі парақшасында жарияланған. Snopes бұған дейін бірнеше рет оның әлеуметтік желілерде адамды жаңылыстыратын ақпаратты бөліскені туралы хабарлаған (мұнда және мұнда).

Суретті кері іздеуге мүмкіндік беретін TinEye жүйесі Обаманың түпнұсқа суреті 1991 жылы Рождество қарсаңында түсірілгенін көрсетті. Бұл туралы Reddit сайты да мәлімдеп отыр. Оның үстіне фотода Мишельдің қолында неке жүзігі көрінбейді.

Рождестволық фотоның өңделген нұсқасы қайдан шыққаны белгісіз. Бұл ақпарат табылса, Snopes өз материалын жаңартатынын жеткізді.

Factcheck.kz сайтынан: Осылайша, Snopes фактчекерлері 2022 жылғы ақпанда Facebook қолданушысының Reddit-ке жариялаған фотосын тапты. Екі суретті салыстыра отырып, бұрынғы сурет өңделген деген тұжырым жасауға болады.

Factcheck.kz