Маска таққаннан стафилококк жұғуы мүмкін бе?

Әлеуметтік желілерде медициналық маска таққаннан стафилококк жұғуы мүмкін деген ақпарат таралуда. Керісінше, әртүрлі ғылыми зерттеулер маска стафилококкты жұқтыру қаупін төмендетуі мүмкін екенін көрсетеді. StopFake.org редакциясы ақпараттың растығын тексерді.

Стафилококктар-бұл топырақта, ауада, сондай-ақ адамдар мен жануарлардың микрофлорасында кең таралған бактериялар. Стафилококктардың кейбір түрі, шамамен 30%-ы адамның мұрнында болады. Көп жағдайда стафилококк ешқандай зиян келтірмейді; алайда кейде бактерия инфекция тудыруы мүмкін.

Бұл инфекция кез-келген адамда пайда болуы мүмкін. Дегенмен кейбіреуі, соның ішінде қант диабеті, қатерлі ісік, тамыр аурулары, экзема, өкпе аурулары және инъекциялық есірткі қолданатын адамдар үшін аса қауіпті.

Verify фактчекерлері маскаға таққаннан стафилококк инфекциясын жұқтыру мүмкін емес екенін жоққа шығарды. Себебі мұндай мәлімдені басқа елдердің де желі қолданушылары таратты.

Инфекция жұғу үшін адамның бетінде өңделмеген жара немесе ашық зақым болуы керек. Мұндай жағдайда стафилококк инфекциясын маскасыз-ақ жұқтыруға болады. Дегенмен мұндай жағдайлар өте сирек кездеседі. Маскалардың «қауіпті екенін» көрсету үшін бүкіл әлемде қолданылатын фотосуреттердің коллаж іс жүзінде ештеңені дәлелдемейді.

Маска таққаннан стафилококк жұғуы мүмкін бе?

Коллаждың жоғарғы оң жақ бұрышындағы фотосурет және төмендегі екі сурет – COVID-19 пандемиясына дейін ауруларды суреттеу үшін қолданылған суреттер.

Ал оң жақтағы сурет герпес симплексі вирусынан туындаған герпетикалық экземаны суреттеу үшін қолданылады. Төменгі сол жақ бұрышта желшешек бейнеленген. Төменгі оң жақ бұрышта-қызыл жегінің суреті.

Сонымен желіде жазбамен бірге тараған суреттер стафилококк инфекциясына қатысы жоқ.

ДДСҰ сарапшылары маска таққан кезде қауіпсіздік ережелерін сақтау керегін ескертеді. Масканы дымқыл болғаннан кейін ауыстыру, дұрыс тағу, сыртқы жағына қол тигізбеу, әр төрт сағат сайын ауыстыру, қайта қолданбау және т. б.

Factcheck.kz