Қырғызстанда Temirov Live кеңсесінде тінту жүріп жатыр

22 қаңтарда кешке Temirov Live каналының кеңсесінде тінту жүргізілді. Милиционерлер мен маска киген адамдар офиске келіп белгілі бір құжаттарға қол қоюды талап еткен. Алдын ала мәліметтер бойынша, тергеу шараларын Айпері Әділбекқызының арызы бойынша жүргізіліп жатыр.

Temirov Live командасының мүшесі Ақтілек Капаров мынадай ақпарат айтты. Оның сөзінше, “белгісіз қыз” журналист Болот Теміровке “белгісіз затты қолдануға мәжбүр етті” деп шағымданған.

Қазіргі уақытта Теміров және оның командасын кеңсесінде ұстап отыр. Журналистерді офиске әлі кіргізбеді.

Полиция қызметкерлері өздерін ІІМ заңсыз есірткі айналымына қарсы күрес қызметінің қызметкерлері ретінде таныстырған.

Қазіргі уақытта ІІМ түсініктеме бермеді. Кеңседегі құқық қорғау органдарының қызметкерлері журналистердің сұрағына жауап беруден бас тартты.

20 қаңтарда Temirov Live YouTube арнасында “Екі күнде 37 миллион сом қалай табуға болады? Садыр Жапаров және Ташиевтер схемасы” деген тақырыппен зерттеу жариялаған.

Зерттеу авторы Болот Теміров Ұлттық қауіпсіздік жөніндегі мемлекеттік комитет басшысы Қамшыбек Ташиев туыстарының “Қырғызнефтегаз” мемлекеттік мұнай компаниясына қандай байланысы бар екенін айтты.

Төлепберген Маликов. Сулейман Демирел университетін журналистика мамандығы бойынша тәмамдаған. Азаттық радиосының Прагадағы бас штабында тәжірибеден өткен. 2018 жылдан бастап Factcheck.kz сайтында жұмыс істейді.

Factcheck.kz