Жемқорлық жайлы жазбасы үшін қоғам белсендісі Антон Бударовқа қатысты қылмыстық іс қозғалды

Бұл жайлы белсенді өзінің фейсбук парақшасында хабарлады. Бударов әлеуметтік желілерде жемқорлық жайлы видео мен жазба жариялағаны үшін Қылмыстық Кодекстің 274 бабы бойынша қылмыстық іс (қоғамдық тәртіпті бұзу немесе азаматтардың немесе ұйымдардың құқықтары мен заңды мүдделеріне не қоғамның немесе мемлекеттің заңмен қорғалатын мүдделеріне елеулі зиян келтіру қаупін төндіретін көрінеу жалған ақпарат тарату) қозғалды.

Белсендінің айтуынша 2020 жылдың 14 тамызында БАҚ-та Қазақстан Республикасы полиция департаментінің шенеунігі мемлекеттік бюджеттен 600 000 еуроға жуық қаржы жымқырды деген ақпарат пайда болды.

Сол себепті ол пандемия кезіндегі елдің мүшкіл жағдайын ескере отырып, бұл жаңалықты бей-жай қалдырмай, қоғамның назарын бұл мәселеге аударғысы келіп, YouTube-та “Азаматтық Патруль” атты видео жариялайды.

Видеода Бударов сыбайлас жемқорды ұстау кезінде Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы Агенттігінің есептерінен алынған сараптама мен хроника бар. Белсенді видеоны 2020 жылдың 23 тамызында жариялаған.

Ал оған дейін, 4 күн бұрын Бударов жаяу жүргіншілер аймағын “күрделі жөндеу” кезінде сыбайлас жемқорлық туралы материал жариялаған. Жазбасында 800 метрдей жаяу жүргіншілер аймағына шамамен 1 000 000 миллион еуро жұмсалғанын айтқан. Бударовтың айтуынша бұл 10-12 есе көп.

Жөндеу жұмысын парламент депутатына тиесілі фирма жүзеге асырғаны өте қызықты болды. Бұл материалға көптеген БАҚ, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы қылмыстар қызметі қызығушылық танытты. Осы екі жарияланымды ескере отырып, полиция департаментінде маған ҚР ҚК 274-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды(көрінеу жалған ақпарат тарату).

Бударовтың жазбасынан

Белсенді ҚР ҚК-нің 274-бабы саяси бапқа айналды және ол бойынша қандай да бір өзге пікір айтқан, саяси қайраткерлерге немесе өзі сияқты жемқорлыққа ашықтан ашық қарсы шыққандарға қолданылады дейді.

Былтыр күзде полиция маған қарсы әкімшілік істі ойдан шығарып, БАҚ арқылы мені маргиналды элемент ретінде көрсетуге тырысты. Сот ұйғарымда қате жіберді, заң тұрғысынан емес, баптың өзі бұзушылық туралы ережеге жатпады, яғни ол тікелей «Заң актілері туралы» заңға қайшы келді. Бұл оқиғанадан 2 күн бұрын тура сол сот саяси белсенділерді митингіге қатысқаны үшін айыптады. Сот алдында менің қызметім жайлы сұрай бастады. Сұрақтар сот ісіне еш қатысы жоқ еді.

Бударовтың жазбасынан

Factcheck.kz