Қазақстанның телефон коды +7-ден +997-ге ауысады. Бұл туралы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин Facebook парақшасында хабарлады.
БҰҰ жанындағы Халықаралық электр байланыс одағы Қазақстанға жаңа +997 дэф кодын белгіледі. Енді біздің елден басқа мемлекетке қоңырау шалғанда, шетелдіктердің телефонында Қазақстан деген жазу шығады. Сондай-ақ халықаралық деңгейдегі цифрлы сервистерді қолданғанда да, барлық жерде Қазақстан деген сигнал шығады.
Бағдат Мусин.
Министрдің сөзінше, қазір тиісті құжаттар рәсімделіп, жаңа кодқа көшу бойынша іс-шаралар атқарылып жатыр.
Сонымен қатар, халықаралық деңгейдегі цифрлы сервистерді қолданғанда барлық жерде сигналдың Қазақстаннан екені көрсетіледі.