Канадада телеарналардың бірі "Один дома 2" фильмінен Трампты алып тастады

Канададағы CBC телеарнасы 1992 жылы шыққан “Один дома 2” фильмінен АҚШ-тың қазіргі президенті Дональд Трамптың қатысқан сахнасын қиып алып тастаған. Бұл өзгеріске алғаш болып Comicbookmovie порталы назар аударды.

Трамптың камеосының филімнен жоғалуына телеарнаның саяси көзқарасына байланысты деп болжады әлеуметтік желі пайдаланушылары.

https://twitter.com/Jameseast_/status/1209204863789391872

Туиттер қолданушы Jameseast парақшасында « “Один дома” фильміндегі Трамп қатысқан эпизодты өңдеу. Бұл мемлекет қаржыландыратын не деген бассыздық?» деп пікір білдірді.

“Либералды үкімет бақылайтын БАҚ-қа қош келдіңіз”, – дейді The Conservative Humorist есімді пайдаланушы.

CBC компаниясы арнада көрсетілген “Один дома 2” фильмінің нұсқасы эфир уақытының жетіспеуінен редакцияланғанын айтты. Желтоқсанның 25-і Трамп бұл филімнің түсірілуіне қатысуды абырой деп санайтынын айтты. “Бұл жақсы фильм. Фильмге түскенде мен жас едім. Мен үшін бұл фильмге түсу үлкен құрмет” дейді президент.

Factcheck.kz