Instagram кәмелет жасқа толмағандардың қауіпсіздігі үшін жаңа функцияны іске қосты

Инстаграмның кез келген қолданушысы бұдан былай 18 жасқа толмаған пайдаланушыларға хабарлама жібере алмайды. Бұл туралы Tjournal сайты хабарлады.

Жаңа шектеу кәмелетке толмағандардың қауіпсіздігі үшін жасалған. Жасөспірім ересек адамға «жазылушы» болған жағдайда ғана хат жаза алады. Егер жасөспірім әңгімелесуді бастамаса, ересек адам оған хат жаза алмайды, сонымен бірге, оған ескеру жасалады.

Қосымшада жасөспірімге арнайы қауіпсіздік жүйесі құрылады. Онда ересек адамның профилін бұғаттау немесе оған шағымдану туралы ұсыныстар, сонымен қатар, жазбадағы құпия параметр туралы кеңестер болады.

Instagram әкімшілігінің хабарлауынша, кәмелетке толмағандар жасын үлкейтіп көрсету өте жиі кездеседі. Қазір әлеуметтік желі әкімшілігі өтірік жасты анықтау үшін технологиясын барынша дамытып жатыр.

Төлепберген Маликов. Сулейман Демирел университетін журналистика мамандығы бойынша тәмамдаған. Азаттық радиосының Прагадағы бас штабында тәжірибеден өткен. 2018 жылдан бастап Factcheck.kz сайтында жұмыс істейді.

Factcheck.kz