Фактчекерлердің халықаралық желісі (IFCN) COVID-19-ға қатысты 4000-нан аса фактчек жинақталған базасы бар чат-ботты іске қосты. Жаңа чат-бот әлем тұрғындары үшін қолжетімді.
2020 жылдың қаңтарынан 88 фактчекинг редакциясы коронавирус туралы дезинформацияны тексерді. Бүгін біз миллиондаған оқырманымызға жұмысымызды көруге мүмкіндік беріп, чат-ботты іске қостық.

WhatsApp-тағы IFCN чат-ботын пайдалана отырып сіз COVID-19 туралы контентке кәсіби фактчекерлердің қандай баға бергенін біле аласыз.
Қаңтардан бастап 74 елдің фактчекерлері жаңа коронавирусқа қатысты 4000-нан астам жалған ақпаратты анықтады. Барлық дерек CoronaVirusFacts базасында сақталған. Бұл WhatsApp-тың жаңа чат-ботының негізі және фактчекерлердің осыған дейін бірігіп жасаған ең үлкен жұмысының нәтижесі.
База күн сайын жаңарып отырады, сондықтан чат-бот қолданушылары смартфондары арқылы ең актуалды және жаңа контентті бақылап отыра алады.
Оған қоса IFCN чат-боты фактілерді тексеруге арналған ұйымның жаһандық каталогын ұсынады. Жүйе елдің мобильді коды арқылы қолданушының елін анықтап, содан соң факт тексеретін ең жақын ұйымды пайдаланады. Қалаған адам жергілікті фактчекерлерге танысу үшін ақпарат ұсынып немесе аймақта тараған дезинформация туралы көбірек мәлімет алу үшін олардың веб-сайтына өте алады.
Ботты қалай пайдалануға болады?
- IFCN чат-боты тегін және әрдайым тегін болады. Сіз +1 (727) 2912606 нөмірін сақтап, чат-ботты іске қосу үшін «Hi» деп жазуыңызға болады. Немесе http://poy.nu/ifcnbot сілтемесі арқылы қоса аласыз.
- Боттың қарапайым мәзірі бар. Қолданушыға жұмыс істеу үшін сандарды жазу жеткілікті.
- Әуелде IFCN боты тек ағылшын тілінде қолжетімді болады, бірақ кейінірек басқа тілдер (біз Factcheck.kz орыс және қазақ тілдеріне аударуды жоспарлап отырмыз) мен қосымша функциялармен толықтырылады.
- Қателіктер кездесуі мүмкін. Егер қандай да бір қате байқасаңыз бізге Telegram, Instagram немесе Facebook-те жазыңыз!
Пікір қалдыру үшін өз аккауныңызға кіріңіз.