HRW: Ауғанстанда гуманитарлық дағдарыс тереңдеген сайын ауған әйелдеріне қысым күшейіп отыр

Ауғанстан билігін басып алған “Талибан” қозғалысы кейінгі үш жылда еліндегі әйелдердің құқығын бұзып, елдегі гуманитар жағдайды дағдарысқа ұшыратты. Бұл туралы Human Rights Watch хабарлады.

Ұйымының мәліметі бойынша, Ауғанстан — қыздарға алтыншы сыныптан кейін оқуға тыйым салған жалғыз ел. Оған қоса әйелдердің жүріп-тұруына, жұмыс істеуіне, медицина көмегін алуына шектеулер қойылған.

Ауғанстанда гуманитарлық дағдарыс тереңдеген сайын ауған әйелдеріне қысым күшейіп отыр. Әйелдер гуманитарлық дағдарыс кезінде ең қатты зардап шеккен топқа жатады, деп мәлімдеді HRW.

Ұйымның Азия бөлімінің зерттеушісі Ферешта Аббаси шетел үкіметерін Талибан басшылығын және Ауғанстандағы қылмыс жасағандарды жауапқа тартуға шақырды.

Factcheck.kz