Google қонақ үйлердің рейтингін бұрмалағаны үшін Францияға 1,1 миллион еуро айыппұл төлейді

Франция билігі жергілікті қонақ үйлердің рейтингін бұрмалады дегеннен кейін Google 1,1 миллион еуро (1,3 миллион доллар) айыппұл төлеуге келісті. Бұл туралы AFP сайты хабарлады.

Бұған дейін Google компаниясы қонақ үйлердің рейтингін көрсететін “жұлдызды”, Atout France ресми дереккөзге сілтеп есептемеген. Керісінше, өздерінің критериясымен көрсеткен. Кейін іздеу жүйесінің жұмысына қонақ үй басшылары мемлекеттік органдарға шағымданған.

2019-2020 жылдары Францияның алаяқтық пен бәсекелестікке қарсы агенттігі 7500 мекемеге байланысты “платформа ұсынған ақпараттың сипаты мен әділдігі” туралы тергеу жүргізді.

Google мәлімдеуінше, Google картасында қонақ үйлердің рейтингін көрсету үшін тиісті өзгерістер енгізілді.

Төлепберген Маликов. Сулейман Демирел университетін журналистика мамандығы бойынша тәмамдаған. Азаттық радиосының Прагадағы бас штабында тәжірибеден өткен. 2018 жылдан бастап Factcheck.kz сайтында жұмыс істейді.

Factcheck.kz