Facebook онлайн форматта сөйлесуге арналған қосымшаны іске қосты

Facebook компаниясы Live Audio Rooms деп аталатын онлайн форматта сөйлесуге арналған аудио қызметті іске қосты. Бұл туралы 3dnews.ru сайты хабарлады.

Бағдарлама 21 маусымнан бастап АҚШ-та тұратын әлеуметтік желі қолданушыларына ресми түрде қол жетімді болды. Әзірше қосымшаны iOS қолданушылары ғана пайдалана алады.

БАҚ-тың жазуынша, іс-шара басталғанға дейін ұйымдастырушылар пайдаланушыларды спикер ретінде шақыру жібере алады.

Әр сессияда 50-ге жуық спикер болады. Ал тыңдаушылар санына шектеу жоқ. Live Audio Rooms қосымшасы Clubhouse бағдарламасына бәсекелес болуы мүмкін.

Төлепберген Маликов. Сулейман Демирел университетін журналистика мамандығы бойынша тәмамдаған. Азаттық радиосының Прагадағы бас штабында тәжірибеден өткен. 2018 жылдан бастап Factcheck.kz сайтында жұмыс істейді.

Factcheck.kz