Facebook компаниясының нарықтағы капитализациясы 1 трлн доллардан асты

Facebook компаниясының нарықтағы капитализациясы алғаш рет 1 трлн доллардан асты. Бұл туралы Kod.ru сайты хабарлады.

Компанияның нарықтағы бағасы өсуіне антимонополияның Facebook-ке қарсы соты оң нәтижемен аяқталуы себеп болды. Компанияның бір акциясы 4,2%-ға өсіп, 355,64 (шамамен 152 мың теңге) долларға көтерілді.

Сот Федералды сауда комиссиясының Facebookке қарсы шағымын қабылдамады. Шағымда компанияның Instagram мен WhatsApp желісін бәсекелестерін әлсірету үшін сатып алды деп жазылған. Федералды судья сауда комиссиясының дәлелі жеткіліксіз екенін айтты.

Facebook нарықтағы капитализациясы 1 трлн долларға жеткен бесінші компания болды. Бұған дейін бұл тізімде Amazon, Alphabet, Apple және Microsoft компаниясы болған.

Төлепберген Маликов. Сулейман Демирел университетін журналистика мамандығы бойынша тәмамдаған. Азаттық радиосының Прагадағы бас штабында тәжірибеден өткен. 2018 жылдан бастап Factcheck.kz сайтында жұмыс істейді.

Factcheck.kz