ДДСҰ басшысы коронавирусқа байланысты шектеулерді алып тастау жөнінде ұсыныс берді

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының басшысы Тедрос Адхан Гебрейесус коронавирусқа байланысты енгізілген шектеулерді алып тастау бойынша бірнеше нұсқау берді. Бұл туралы ол ұйымның штаб-пәтерінде өткен баспасөз мәслихатында мәлімдеді.

Баспасөз мәслихатында Тедрос Адхан Гебрейесус кейбір елдерде вирус жұқтырғандардың саны әрбір үш-төрт күн сайын екі есеге көбейіп отырғанын айтты. Сол себепті мемлекеттер карантинді немесе басқа да шектеулерді бірден алып тастамауы керек.

Билік вирусты жұқтыру және адамнан адамға берілуін бақылауда ұстап отырғанына көз жеткізуі тиіс. Мемлекеттің денсаулық сақтау жүйесі COVID-19 ауруының әрбір жағдайын анықтауға, тестілеуге, оқшаулауға және емдеуге қабілетті болуы тиіс. ДДСҰ басшысы вирустың екінші толқыны жайлы да ұмытпау керегін атап өтті. Сол кезде ғана карантин аяқталуы мүмкін.

Бұдан басқа Тедрос Адхан Гебрейесус медицина мекемелерінде коронавирустың өршу қаупін азайтудың маңызын айтты.

ДДСҰ басшысының айтуынша COVID-19 2009 жылы пандемияны тудырған H1N1 тұмауына (шошқа тұмауы) қарағанда 10 есе қауіпті екенін атап өтті. COVID-19 вирусы өте жылдам тарап жатыр.

Өткен аптада ДДСҰ Еуропада вирустың таралу жылдамдығы біртіндеп төмендегенін хабарлаған еді.

Factcheck.kz