БҰҰ: Украинада соғыс басталғалы 516 бейбіт тұрғын қаза тапты

Ресей Украинаға шабуыл бастағалы Украинаның 516 бейбіт тұрғыны қаза тауып, 908 адам жарақаттанған. Бұл туралы БҰҰ Адам құқықтары жөніндегі Жоғарғы комиссарының басқармасы хабарлады.

Ұйым дерегінше, қаза тапқандардың ішінде — 98 ер адам, 60 әйел, тоғыз ұл және бес қыз, 23 сәби және жынысы әзірге белгісіз 321 ересек адам бар.

Ең көп зардап шеккендер Донецк және Луганск облысында: 111 адам қаза тауып, 462 адам жараланған.

БҰҰ мәліметінше, соғыс орнынан ақпарат кешігіп келіп жатыр. Бұған қоса оны растау біршама уақыт алады. Сондықтан, зардап шеккендердің нақты саны әлдеқайда жоғары.

Мәселен, болжам бойынша жүздеген бейбіт тұрғын зардап шеккен Волноваха, Мариуполь, Изюм қаласынан алынған мәліметтер әзірге тексерілмегендіктен, тізімге енбеді.

Төлепберген Маликов. Сулейман Демирел университетін журналистика мамандығы бойынша тәмамдаған. Азаттық радиосының Прагадағы бас штабында тәжірибеден өткен. 2018 жылдан бастап Factcheck.kz сайтында жұмыс істейді.

Factcheck.kz