Белгісіз біреулер Orda.kz бас редакторының пәтерінің құлпын бұзуға тырысты

Orda.kz сайтының бас редакторы Гүлнара Бажкенова 16 ақпанға қараған түні белгісіз екі адам пәтерінің есігін бұзуға тырысқанын айтты.

Ол баласын ұйықтатып жатқан кезде есік жақтан дыбыс естіген. Есікті ашып қараған кезде бойы ұзын, денелі, екі ер адамды көрген.

Содан соң есікті бұзуға тырысқан екі адам есікті бірден кері жауып жіберген. Бұл жағдайдан соң есіктің құлпы бұзылып, біраз уақыт істемеген. Журналист кейін полиция шақырып, арыз жазды.

Белгісіз біреулер Orda.kz бас редакторының пәтерінің құлпын бұзуға тырысты

Бұл жағдайды журналист өзінің кәсіби қызметімен байланыстырады. Бұған қоса Facebook парақшасында полицияның үйіне келген сәтінен видео мен жазған арызының көшірмесін жариялады.

Төлепберген Маликов. Сулейман Демирел университетін журналистика мамандығы бойынша тәмамдаған. Азаттық радиосының Прагадағы бас штабында тәжірибеден өткен. 2018 жылдан бастап Factcheck.kz сайтында жұмыс істейді.

Factcheck.kz