Беларусьте “экстремистік” каналға тіркелгендер жауапқа тартылады

Беларусьте “экстремистік” деп танылған телеграм каналдардың жазылушылары қылмыстық жауапкершілікке тартылады. Бұл туралы BBC сайты хабарлады.

Беларусь билігі “экстремистік” деп санайтын арналардың ішінде біраз оппозициялық арна бар. Олар бір жыл бұрын президент сайлауынан кейін елдегі наразылықты белсенді түрде жариялаған.

Экстремистік материалдарды тарату (бөлісу), сақтау және экстремистік ресурстарға жазылу заң бойынша қудаланады!

Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының ресми хабарламасы (ГУБОП)

Сонымен қатар, ресми орган Беларусь ҚК 361.1-бабына (Беларусь Республикасының сыртқы қауіпсіздігіне зиян келтіретін әрекеттерге шақыру немесе осындай шақырулар бар материалдарды тарату) сілтеме жасаған.

Бұл бап бойынша үш жылға дейін түрме жазасы қарастырылған. Ал тыйым салынған ресурсқа жазылғандар жеті жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Былтыр тамызда Беларусь соты «президент сайлауының нәтижелерін бұрмалауға қарсы» жаппай наразылықты жариялаған он шақты телеграмм арналарды «экстремистік» деп таныған.

Төлепберген Маликов. Сулейман Демирел университетін журналистика мамандығы бойынша тәмамдаған. Азаттық радиосының Прагадағы бас штабында тәжірибеден өткен. 2018 жылдан бастап Factcheck.kz сайтында жұмыс істейді.

Factcheck.kz