Алматыда Досаевтың әкім болып тағайындалуына байланысты митиң өтті

5 ақпанда Алматыдағы Шоқан Уәлиханов атындағы алаңға жүзден астам адам жиналды. Митиң тақырыбы – “Алматылықтар өз әкімін сайлауға құқығы бар”. Бұл туралы Vlast.kz хабарлады.

Наразылыққа шыққандар “Досаев кетсін”, “Досаев менің әкімім емес” және т.б. жазылған плакаттарды алып шыққан.

Сонымен бірге, шеруге қаңтар оқиғасы бойынша ұсталғандардың туыстары қатысты. Олар жақындарын босатуды талап етті.

Қала әкімшілігі аталған шараны өткізуге бір күн бұрын рұқсат берген. Дегенмен, митиң жоспарланғандай Республика алаңында емес, Ғылым академиясының алдында өтті.

Шеруді ұйымдастыруға азаматтық және саяси белсенділер, тіркелмеген Демократиялық партияның жақтастары шақырған.

Қазақстанда облыс әкімін президент тағайындайды. Былтыр Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа аудан әкімін сайлауға рұқсат беріп, алдағы уақытта облыс әкімін сайлау мүмкіндігін талқылауға уәде берген.

Factcheck Academy 2021 түлегі.

Factcheck.kz