АҚШ судьясы виртуалды шындық гарнитурасы арқылы ауыр қылмыс жасалған орынды көруге келісті. Бұл туралы Newsweek жазды. Бұқаралық ақпарат құралдары бұл оқиға сот тергеуіндегі алғашқы тәжірибе деп жатыр.
Бровард округінің (Флорида штаты) судьясы Эндрю Сигель ауыр қылмыс жасады деп айыпталған Мигель Альбисудің көзімен қылмыс болған банкетті VR (виртуалды шындық) арқылы көріп шықты. Альбису 2023 жылы қонақтардың алдында тапанша сермеп, оларға шабуыл жасады деген күдікке ілінді.
Бірақ айыпталушы бұны өзін-өзі қорғау үшін жасағанын айтып, кінәсін мойындамады.
Альбисудың қорғаушылары қылмыс оқиғасын Oculus Quest 2 VR гарнитурасы арқылы қайта салу үшін арнайы суретші жалдаған.