Сенім телефонына суицид бойынша хабарласатын жасөспірімдер көбейген

111 сенім телефонына психоэмоционал жағдайы және суицид мәселесі бойынша хабарласатын жасөспірімдердің саны артқан. Бұл туралы балалар омбудсмені Динара Зәкиева хабарлады, деп жазды Tilkespek Jok Instagram парақшасы.

Ішкі істер министрлігі дерегі бойынша, Қазақстанда суицид жасайтын балалардың орташа жасы – 15-17 жас. Алайда кейінгі кезде мұндай жағдай 11-13 жастағылардың да арасында жиілеп барады.

Балалар омбудсмені Динара Зәкиеваның айтуынша, жасөспірімдердің өз-өзіне қол жұмсауының негізгі себептері – жалғыздық, ата-анасымен, туыстарымен, құрдастарымен қарым-қатынасы, буллиң.

Айта кетері, кейінгі бір аптада Алматыда бірнеше жасөспірім суицид жасады. 16 қыркүйекте екі оқушы, 21 қыркүйекте бір оқушы көпқабатты үйден секіріп, мерт болды. 23 қыркүйекте 18 жастағы жасөспірім биіктен секіріп, қайтыс болды.

Factcheck.kz