Пентагон басшысының жалақысы айына 500 теңге шамасында болғаны рас па?

Жақында ZTB инстаграм парақшасында және басқа да медиаларда (1,2,3,4) АҚШ Қорғаныс министрі Ллойд Остиннің жалақысы айына шамамен 500 теңге болғаны туралы ақпарат тарады. Желіде тараған ақпаратқа сай, Пентагон басшысының жалақысы 220 мың доллардан 1 долларға төмендеген. Factcheck.kz ақпараттың қаншалықты шындыққа жанасатынын тексерді.

Енді АҚШ қорғаныс министрінің жалақысы айына 1 доллар болды.

ZTB инстаграм парақшасы

Үкім: Манипуляция

Иә расымен, 27 қыркүйекте басым көпшілігі Республикалық партия өкілдеріне тиесілі АҚШ Конгрессінің Өкілдер палатасы (Конгресстің төменгі палатасы) Қорғаныс министрі Ллойд Остиннің жалақысын айына 1 долларға дейін қысқартуға дауыс бергені рас. Алайда Пентагонды қаржыландыру туралы заң жобасын АҚШ Конгрессінің Жоғарғы палатасы (Сенат, басым бөлігі демократиялық партияға тиесілі) тарапынан әлі қабылданбаған.

Пентагон басшысының жалақысын қысқарту туралы ұсынысты конгрессвумен Марджори Тейлор Грин жасаған. Ол Пентагон басшысына “Ауғанстаннан әскер шығару процесін жөнді ұйымдастырмағаны үшін және әскери қызметкерлерге коронавирусқа қарсы вакцина егуді міндеттегені үшін наразы екенін айтқан. Сарапшылардың сөзінше, Ллойд Остиннің жалақысы қысқарады деп нақты айту қиын. Себебі, Сенат тарапынан бұл ұсынысқа тосқауыл қою ықтималдығы өте жоғары.

Контекст

  • The New York Times хабарлауынша, Пентагон басшысының жалақысы 235 600 доллардан 1 долларға азаю ықтималдығы өте төмен. Себебі “әскери шығындар” туралы заң жобасы Сенатта қабылданбауы мүмкін.
  • NYT мәліметінше, АҚШ Конгрессі қыркүйектің соңына дейін бюджетті қабылдамаса шатдауын (үкімет жұмысының уақытша тоқтау) орнау қаупі бар.

Төлепберген Маликов. Сулейман Демирел университетін журналистика мамандығы бойынша тәмамдаған. Азаттық радиосының Прагадағы бас штабында тәжірибеден өткен. 2018 жылдан бастап Factcheck.kz сайтында жұмыс істейді.

Factcheck.kz