Манипуляция | Сүлейменов: Қазақстан өзін 80 пайыз азық-түлікпен қамтамасыз етеді

Антиресейлік санкциялардың теңге бағамына ықпалы туралы түсінік бергенде, ҚР Ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменов: «Қазіргі таңда Қазақстан өзін 80% азық-түлікпен қамтамасыз етіп отырғанын» мәлімдеді.

Біз азық-түлікпен өз-өзімізді 80% қамтамасыз етеміз деген күннің өзінде, тек қана өзіміздің тауарларды тұтына алмаймыз. Еліміз бойынша қамтамасыз ету үдерісі барлық аймақтарда бірдей емес. Ресейден, Өзбекстаннан тауар сатып алатын өңірлер бар. Теңге бағамы әрқашанда инфляцияға, оның ішінде азық-түлік инфляциясына ықпал етіп отырады. Айтарлықтай деңгейде ықпалы бола ма дейтін болсақ, әрине, жоқ. Өйткені біз өзімізді 80% азық-түлікпен қамтамасыз етеміз

– деді Сүлейменов.

Үкім: манипуляция

Жалпы қалыптасқан бағам бойынша, сырттан әкелінетін азық-түліктің жоғарғы әрі шекті мөлшері 15 пайыздан аспау керек. Қазақстандықтар сырт елдерден әкелінетін тағамдарды осы айтылған 15 пайыздан көбірек тұтынады…

80%. Көп пе? Аз ба?

Ал егер Статистика комитетінің мәліметтеріне жүгінсек, ол бұдан да жоғары: «Азық-түлік өнімдерінің жалпы еліміздегі мөлшерін есепке алсақ, отандық өндірушілердің тауарлары айтарлықтай көлемде орын алады» – деп 2018 жылдың наурыз айындағы сараптамалық хабарламада көрсетілген.

Азық-түлік нарығында ұнның 99,9 пайызы, ал еттің 89 пайызы толықтай өндіріледі. Жарма, нан-тоқаш және кондитерлік өнімдер, сүт тауарлары, макарон өнімдері ресурстары бойынша да отандық өнеркәсіп басымдық рөлде (95,9%, 91,6%, 85,8%, 83,8%).

Республика көптеген тауар түрлерін өздері өндіре алмағандықтан, азық-түлік тәуелділігін бастан кешіруде, сол себепті де бүгінгі күнде импорттан бас тарту мүмкін емес.

Отандық өндірушілер тұтынушылар сұранысының ірімшік пен сыр бойынша 55%, балықтың – 51%, құс етінің – 57% ғана қамтамасыз ете алады. Елімізде шай, кофе, ашытқылар, жүзім шарабы, жануар майлары, қойылтылған және құрғақ сүттер, жемістер мен жаңғақтар мүлдем өндірілмейді, өндірілген күнде де аз мөлшерде, бұл тағамдарға деген сұраныс тек импорттық тауарлар арқылы қанағаттандырылады. Республика толықтай немесе жартылай қамтамасыз етеді деген салалардың өзінде, атап айтар болсақ, дәнді-дақылдар, ет, сүт, барлығы жоғары деңгейде өндіріледі деп айта алмаймыз.

Цифрлар мен деректер

Ұн және дәнді-дақылдар

Биылғы жылы жиналатын астықтың жалпы мөлшері 20 млн тонна, ал экспорттың жалпы көлемі 9 млн болады болады деп болжам жасалып отыр. Дәнді-дақылдар жөніндегі халықаралық кеңес Қазақстанды дәнді-дақылдарды жинау мен экспорттау мөлшері бойынша әлемдік жетекші елдер қатарында деп есептейді.

Осыдан бернеше жыл бұрын республика орта азиялық нарықта ұнды экспорттауда алдыңғы елдер қатарында саналды. Бірақ, қазір жағдай өзгерді. Отандық ұн тартушылар өз кәсіптерін тоқтатуда, жыл өткен сайын Қазақстанда жұмыс істейтін диірмендер саны қысқарып келеді.

Дүркін-дүркін елімізде нан пісіруге арналған ұнды өндіруде пайдаланылатын бидай тапшылығы орын алады. Ұн тартушылар 4 сұрыпты бидайға көшуге мәжбүр. Еліміздегі «Алиби», «Иволга», «ҚазЭкспортАстық» сияқты ең ірі және ең танымал агрохолдингтер (жалпы алғанда 4 миллион гектар егістікті бақылаушылар) өздерінің банкротқа ұшырағандықтарын мәлімдеді (осыған қарамастан бұл агрохолдингтердің иелері «Forbes» журналы миллионерлерінің тізімінде тұр). Соңғы жылдардағы валдық көрсеткіштер аграрлардың өз өнімдерінің сапаларын жоғалтуға және миллиардтаған қарыздарға батуға әкеліп соқты.

Қазіргі таңда билік пен Ұлттық банк «Цеснабанктен» жалпы көлемі 450 млрд теңге тұратын ауылшаруашылық кредиті потрфелін сатып алуды жоспарлауда.

Қазақстан фермерлері одағының басшысы Әуезхан Дарынов 365info.kz сайтының журналисіне «Бүгінгі күні диқандардың жағдайы басқа жылдармен салыстырғанда өте ауыр болып тұрғанын, яғни олар кредиттерін жабу мақсатында және жұмыскерлерге еңбекақы төлеу үшін өз дақылдарын өте арзан бағаға сатуға мәжбүр екендіктерін» айтты. «Дәнді және майлы дақылдар. Қазақстан» зерттеу бюросының жетекшісі Виктор Аслановтың пікірінше, Қазақстан фермерлерін еліміздегі Ресей дәнді-дақылдарының молшылығы тұншықтырып жатыр.

Жылқы еті, сиыр еті, қой еті және шошқа еті

1990 жылдары еліміздің отарларында 36 миллион қой мен ешкі болған, бұл ресми дәлелденген дерек. Қазіргі күні ұсақ бас малдың саны бұдан екі есе аз. Қазақстанның ет өндіру шаруашылығын дамытудың 2027 жылға дейін есептелген жаңа бағдарламасына сәйкес, қой басын 18 миллионнан 30 миллионға жеткізу жоспарланып отыр. Ірі қара малдың басын 7 млн-нан 15 –ке дейін көбейту, ал шошқаның санын 1,2 млн-ға жеткізу көзделуде.

2017 жылдың бірінші жартысында Қазақстан шетелге 2 тонна жылқы етін сатса, ал 723 тонна көлемінде сырттан алдыртқан.

2015 жылы республика 6,5 мың тонна сиыр етін экспорттаса, ал басқа елдерден құны 23,3 млн доллар тұратын 11,2 мың тонна (мөлшермен алғанда, сиыр етінің килограмы 2 доллардан) ет импорттаған. Бұл Қаржы министрінің Мемлекеттік кіріс комитетінің ресми мәліметі бойынша, яғни Еуразиялық Экономикалық одақ елдері қамтамасыз етуін есепке алмағандағы көлем. Салқындатылған етпен елімізді көбіне Австралия, Жаңа Зеландия және АҚШ елдері қамтамасыз етеді, ал мұздатылған етті Украина, Болгария, Бразилия, Парагвай, Польша және т.б. әлемнің 12 етті жеткізеді. Бұл ЕАЭО елдерін қоспағанда, себебі – Еуразиялық одақ елдері экспорты сыртқы сауда туралы кедендік статистикада есепке алынбайды.

Сүт тауарлары

Жайылым көлемі бойынша Қазақстан әлем бойынша 5 орынды иеленеді, жалпы алғанда жайылымдық ресурстар 185 млн гектарды құрайды. Орташа алғанда бір сиырға 20 гектардан асатын шабындық тең келеді, ал жемшөптік дақыл мөлшері 25-28 млн тонна. Жағдайдың оңтайлылығына қарамастан, Қазақстан сиыр сүтін өндіруші әлемдік ТОП – 10 елдерінің қатарына енбейді. Сонымен қатар тәжірибе жүзінде мал жайылымдық дақылдардың 30 пайызымен қамтамасыз етілмейді, себебі

50 миллион гектар немесе 26 пайыз жайылым жерлері тозған.

Тәуелсіз зерттеулер нәтижесі бойынша отандық сүт өндірушілер импорттық өнімдермен бәсекелесуі үшін мемлекеттің қолдауына зәру. Онымен қоса 80 пайыз сиырдың шикі сүті елімізде жеке қосалқы шаруашылықтарда өндіріледі.

Қант

Елімізде қантты өндіру мәселесі де оңып тұрған жоқ. Статистикалық мәліметтерге сүйенсек, Қазақстан өзін 66,4 пайызға қамтамасыз етеді, ал шын мәнінде бұл 3-5 пайыз мөлшерінде. Қазақстандықтар жылына 500 мың тонна қант тұтынады десек, елімізде тек соның 15 мыңы ғана өндіріледі, ал қалғандары импорт.  Статистикалық комитет шетелден әкелінген шикі қант құрағынан жасалған қантты өзіміздің отандық өндіріс деп есептейді.

 

Factcheck.kz