Ақпан айында ресейлік ақпарат құралдары қазақстандықтарды үнемі қымбаттап жатқан әрі кең қолданыстағы АИ-92 маркалы жанармай Еуропа елдері бойынша ең арзан бағада екеніне сендіруге тырысты.

Бір апта бойы қазақстандық интернет-ресурстар да осы тақырыпта бас мақалалар жариялай бастады.
Үкім: Манипуляция
Бұл мәлімдеме нақты көрсеткіштерге негізделгеніне қарамастан, манипуляция.
«Бүкіл Еуропаның алдында болу» ниетіне қарамастан, біз мәселенің мән-жайын анықтауға тырысқан едік.
Алдымен, Еуропада (яғни, Еуропа елдерінде) жанармайдың бұл түрі тиісті сападағы октан санының мемлекеттік стандартымен түсіндірілетінін айтқан жөн. Салыстыру үшін Википедиядан үзінді ұсынамыз:

Егер барлық тармақты қарайтын болсақ, соңына таман «Жанармайдың қолжетімділігі» деген бөлімді көреміз. Онда жанармайдың литрі орташа жалақыға қатысты есептелген. Ал мұнда Қазақстан алдыңғы қатарда емес. 862,3 литр көрсеткішпен 16-орында тұр.

Түйін: Бұл халықты жанар-жағармай бағасының қымбаттауына салқынқанды қарауға шақыру үшін әдейі таратылған тұжырым болуы мүмкін.
Аударған Жұлдыз Әбділда
Пікір қалдыру үшін өз аккауныңызға кіріңіз.