Қазақстан мобильді интернеті Ресей мен ОА елдеріне қарағанда жылдам ба?

Қарашаның басында finprom.kz сайтына сілтеген бірнеше қазақстандық медиа (1,2,3) еліміздегі мобильді интернет жылдамдығы Орталық Азия елдері мен Ресейге қарағанда алда деген ақпарат таратты.

Factcheck.kz мұндай хабарламаның қаншалықты шындыққа жанасатынын тексерді.

Мәлімдеме: Speedtest Global Index мәліметіне сай, мобильді интернеттің медианалық жылдамдығының артуының арқасында Қазақстан Ресей мен Орталық Азияның барлық елінен озды.

Медиалардың біріндегі ақпараттан үзінді

Үкім: Манипуляция

Speedtest Global IndexOokla компаниясының Speedtest (әрбір адам кіріп өз құрылғысындағы интернет жылдамдығын көре алады) деректері негізінде (яғни өз қолданушыларының деректеріне сүйеніп) ай сайын жаңаратын статистика. Оның ақпаратына сай, расымен Қазақстан мобильді интернет жылдамыдығының медиан көрсеткішінде Ресей мен Орталық Азиядағы Қырғызстан, Тәжікстан және Өзбекстаннан жоғары орналасқан. Алайда бұл көрсеткіш Speedtest ресурсының өзінің деректеріне ғана сүйенген. Сондықтан біржақты қорытынды.

Мысалы, Speedtest секілді SpeedCheck компаниясы да өз деректеріне сүйеніп рейтиң жасаған. Бұл ресурстың ақпаратына сай, Қазақстанның мобильді интренет жылдамдығы 2022 жылдың маусымында Ресейден төмен орналасқан. SpeedCheck рейтиңінде 69 мемлекет ғана қамтылған.

Speedtest индексінің 2022 жылдың қыркүйегіндегі рейтиңінде Қазақстан Украинадан кейін 84-орында тұр. 88-орында Ресей, 95-орында Қырғызстан, 114-орында Өзбекстан, 134-орында Тәжікстан бар. Мобильді интернеттің медиан көрсеткішінде 139 ел қарастырылған, онда Түркіменстан жоқ. Алғашқы үштікте Норвегия, Біріккен Араб Әмірлігі, Катар тұр.

Алайда бұл статистика алғаш рет мұндай деректерді көрсетіп тұрғын жоқ, бір жыл бұрын —2021 жылы қыркүйекте (индикатор ретінде медиан емес, орташа көрсеткіш есептелеген тұста) және медиан көрсеткішпен есептеле бастаған 2021 жылдың қазанында Қазақстан жоғарыда аталған елдердің алдында тұрған. Демек, Speedtest рейтиңінде Қазақстан Ресей мен Орталық Азия елдерінің алдына алғаш рет шығып тұрған жоқ.

Speedtest Global Index-тің методологиясы

Ресурстың өз деректеріне сай, Speedtest Global Index ай сайын бүкіл әлемдегі интернет жылдамдығы туралы деректерді салыстырады. Әр адам өзінің интернет жылдамдығын Speedtest көмегімен онлайн көре алады. Бұл тестілеуге қатысатын адам үшін маңызды уақыт пен жерде болады. Тестілеу орындалған сайын интернеттің (сол жер мен уақытта) қандай екені жазылып алындады. Осы деректердің негізінде рейтиң жасалады.

2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап мемлекеттер индекске кіру үшін тиісті айда мобильді не тіркелген кең жолақты интернетті пайдаланушылар үшін кем дегенде 300 бірегей тестілеу нәтижесі болуы керек.

Фактчекер-журналист. Factcheck.kz сайтының шығарушы редакторы.

Factcheck.kz