Әлеуметтік желілердегі  “ғарышта қаптаған жерсеріктер” видеосы шындыққа жанаса ма?

Жақында YouTube-та “The Number of Satellites Launched Into Space (cinematic visualization)” видеосы жарияланды. Онда 1957 жылдан 2024 жылға дейін Жер орбитасына қанша жерсерік енгізілгені көрсетіліп, олардың бір-біріне өте жақын және үлкен көлемде орналасқаны бейнеленеді. Кейін аталмыш видео өзге де әлеуметтік желідегі парақшаларда тарап оқырманға түрлі күмән ұялатып қойды. Factcheck.kz аталған видеоны тексеріп көрді.

Үкім: Манипуляция

Бұл видео — нақты ғылыми, шынайы (реалистік) визуализация емес,  компьютерлік графика арқылы  кинематографиялық көркемдікпен қолдан жасалған. Бұны авторлардың өзі YouTube-қа салған видеоның сипаттама бөлімінде нақты айтқан. Яғни олар бұл жерде көрерменге визуалды әсер қалдыру үшін спутниктерді шамадан тыс үлкейтіп, шындыққа сай келмейтіндей тығыздықты көрсеткенін ашып айтып отыр.

Сондай-ақ ғарышта спутниктердің бары және олардың саны жыл сайын арттып отырғанымен олар бір-бірінен жүздеген км қашықтағы әртүрлі орбиталарда орналасқан және барлығы ғарыш агенттіктерінің бақылауында. Сонымен қатар, істен шыққан, бұдан былай қолданылмайтын жерсеріктер мүмкіндігінше жойылып отыратынын айта кеткен жөн.

Ғарышта қанша спутник бар?

2025 жылғы наурыздағы дерек бойынша, Жер орбитасында 14 904 спутник бар. Дегенмен спутник санын нақты айту қиын, себебі әр 2-3 күн сайын жерден кем дегенде бір спутник ұшырылып отырады. Ал 1957 жылдан бері жалпы ғарышқа 20 985 спутиник ұшырылған, солардың арасындағы ең ескі әрі бүгінгі күнге дейін ұшып жүрген америкалық VANGUARD 1 спутнигі. Ол 1958 жылы ұшырылған. Америка әлі күнге дейін ғарышқа ең көп спутник ұшырған ел ретінде танымал, қазіргі таңда 2804 спутнигі бар, одан бөлек SpaceX компаниясының Starlink жобасы аясында орбитаға 7 800-ге жуық спутник шығарылды. Одан кейін Қытайда – 467, Ұлыбританияда – 349 және Ресейде – 168 спутнигі бар.

Материалды Factcheck Dive курсының түлегі Роман Бұрқаш дайындады

Қазақстан мен Орталық Азиядағы фактчекинг. Орталық Азиядағы алғашқы фактчекинг ресурсы. 2017 жылдың мамыр айында ашылған. Халықаралық фактчекинг ұйымдар желісінің (IFCN) мүшесі.

Factcheck.kz