“Қазақстан iPhone ең қымбат 10 елдің қатарында”: дерек қаншалықты рас?

Наурыздың басында бірнеше қазақстандық медиада “Әлемдегі ең қымбат iPhone сататын елдердің рейтиңі” жарияланды (1, 2, 3, 4, 5). Материалдағы ақпаратқа сенсек, “жады 128 ГБ iPhone 14 бағасының жаһандық рейтингінде Қазақстан 74 елдің ішінде 10-орын алып, мұндай телефонды сатып алу ең қымбат елдердің қатарына кірді. Аталған телефон құны ҚР-да 1,2 мың АҚШ доллары” тұрады.

Осыған орай, Factcheck.kz ақпараттың қаншалықты рас екенін тексерді.

Үкім: Манипуляция

Globalproductprices ресурсы 128GB-тық iPhone 14-тің бағасы бойынша рейтиңін жасайтыны рас, алайда ресурстағы көрсеткіш онлайн дүкендердегі баға мен теңгенің долларға қатынасына байланысты күнделікті өзгеріп отырды. Оның үстіне рейтиң ақпараттық сайттар жазып жатқандай “жаһандық” көрсеткіш емес және “қай елдерде iPhone ең қымбат?” деген сұрақтарға жауап бермейді. Рейтиңде әлемнің тек 74 елі қамтылған. Сондықтан көп сайттың таратқан ақпараты — манипуляция.

Қазақстандық сайттар ақпаратты 2 наурызда таратқан, алайда Globalproductprices-тың сол күнгі архивтелген нұсқасы сақталмаған, дегенмен 7 наурыздағы архивінде Қазақстан 8-орында тұр. Ал 17 сәуірде Қазақстан көрсеткіші 12-орынға түсіп кеткен және 128GB-тық iPhone 14-тің бағасы 1 246 АҚШ доллары екені көрсетілген. Алайда 128 Гб болатын iPhone 14 смартфоны Apple компаниянсының Қазақстандағы премиум серіктесі iSpace-те және Technodom, Мечта секілді электроника дүкендерінде 429 990 теңгеден (17.04.2023 жылғы вальюта бағамы бойынша 945,66 АҚШ долларыға тең) сатылып жатыр.

  • "Қазақстан iPhone ең қымбат 10 елдің қатарында": дерек қаншалықты рас?
  • "Қазақстан iPhone ең қымбат 10 елдің қатарында": дерек қаншалықты рас?
  • "Қазақстан iPhone ең қымбат 10 елдің қатарында": дерек қаншалықты рас?

Толығырақ

Ақпаратты қазақастандық медиа кликбейт тақырыптармен бұрмалаған. Мысалы: “iPhone флагманы қай елдерде ең қымбат?“, “iPhone қай елдердің қалтасын қағады?” сынды тақырыптар; рейтиңде 74 ел қарастырылса да “жаһандық” және “ең қымбат” секілді сөздер қосылған.

Біз Global Economy Project жобасының зерттеу бөлімінің басшысы Невен Валевкемен байланыстық. Оның сөзінше, деректер түрлі елдің интернет-дүкендерінен жиналады.

Ресурст тек iPhone бағасын емес, сонымен қатар азық-түлік, жеңіл көлік және т.б. тауарлар құнына қатысты рейтиң жасайды. Сайттың жазуынша, бір мемелекеттің әр аймағында баға біріңғай емес, сондықтан ресурс көбіне қала бағалары бойынша рейтиң жасайды.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың журналистика факультетінің түлегі (2021). Әлеуметтік ғылымдар магистрі (2023). OMS (Online Media School, 2020) және OFA (Online Factcheck Academy, 2021) түлегі.

Factcheck.kz