Италияға көшіп барғандарға 3,5 млн теңге беріле ме?

Кейінгі күндері әлеуметтік желілерде “Италияға көшіп барсаңыз, 3,5 млн теңге береді” деген ақпарат тарап жүр. Жаңалықты “aktobe_zelle” инстаграм парақшасы алғашқылардың бірі болып жариялаған. Ақпаратқа сенсек, жұмысқа тұруға барған жас мамандарға 6 000 еуроға (3,5 миллион теңге) дейін өтемақы төлейді екен-міс. Халық арасында түсініспеушіліктер көбейіп, түрлі пікірлер жазылып жатыр. Оқырманның сұрауы бойынша Factcheck.kz аталған ақпаратты тексеріп көрді.

Италияға көшіп барғандарға 3,5 млн теңге беріле ме?

Үкім: Манипуляция

Варезе қалалық сауда палатасының ресми сайтындағы ақпарат бойынша, қалаға көшіп келген кез келген елдің азаматына 6 мың еуроны құрайтын арнайы ваучер беруді жоспарланып отыр. Алайда 6 мың еуро бірден берілмейді, 3 жылда кезең-кезеңімен беріліп отырады. Көптеген қазақстандық сайттар “Италияға көшсеңіз, 3.5 миллион теңге аласыз” деп манипуляция жасаған. Сондай-ақ бұл ваучер тек қана арнайы еңбек шартымен келген азаматтарға ғана беріледі.

Толығырақ

Бағдарлама «Vieni a vivere a Varese» (Варезеге көшіп кел) деп аталады. Осы бағдарламаға қатысып, жұмыс істеу үшін Варезеге көшкен азаматтарға жыл сайын 2000 евро (шамамен 1.2 миллион теңге) көлемінде қаражат төленеді. Бұл төлем көшіп келген тұрғындарға үш жыл бойы беріліп отырады. Ваучер ретінде берілетін ақшаны жергілікті дүкендер мен шеберханалардағы тауарлар мен қызметтерге жұмсауға рұқсат етілген. Басты шарт – қатысушының жасы 18-40 арасында болуы керек. Өтінімдер 15 қыркүйектен бастап қабылданады және жалпы саны 300 мыңға еуроны құрайтын ваучерді беруді жоспарлап отыр.

Материалды Ералы Мұхаметқалиев дайындады

Қазақстан мен Орталық Азиядағы фактчекинг. Орталық Азиядағы алғашқы фактчекинг ресурсы. 2017 жылдың мамыр айында ашылған. Халықаралық фактчекинг ұйымдар желісінің (IFCN) мүшесі.

Factcheck.kz