Фактчек | Жұмағалиевтің ғарыш мамандарын даярлау жөнінде айтқаны

18 желтоқсанда ҚР мәжілісінің пленарлық отырысында Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Асқар Жұмағалиев мәжілісмен Абай Тасболатовтың Қазақстан мен Ресейдің бірлескен «Бәйтерек» зымыран-ғарыш кешеніне мамандар даярлау туралы сұрағына былай деп жауап берді:

«Қазіргі кезде Қазақстанның 5 ЖОО ғарыш саласы мамандарын даярлайды. Нақты «Бәйтерек» туралы айтар болсақ, біз негізінен Байқоңырда дайындалған мамандарды пайдалануды жоспарлап отырмыз. Мәскеу авиациялық институтының арнайы факультеті бар, бірлесе жұмыс істей отырып, аталған ЖОО екі жүзден аса маман даярлап жатырмыз».

Одан кейін министр 2021 жылы ашылатын «Бәйтерек» АҚ жанындағы Дайындық орталығында түлектер біліктілігін арттыратынын айтты.

Қазіргі кезде Қазақстанның 5 ЖОО ғарыш саласы мамандарын даярлайды

А.Жұмағалиев

Үкім: Жартылай шындық

«Ғарыштық техника және технологиялар» мамандығының коды – 5В074600 (мамандықтар классификаторын тексеру жиілігі 5 жылда 1 рет). ҚР жоғарғы оқу орындарының 2014 жылғы тізімін білім беру дәрежесі бойынша қараймыз, қай Жоғарғы оқу орындарында осы мамандық бойынша білім алуға болады:

  1. Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университеті (Астана қ.), бакалавриат.
  2. Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті (Алматы қ.), бакалавриат + магистратура (код 6М074600).
  3. Қ.И.Сәтпаев атындағы Қазақ Ұлттық техникалық университеті (Алматы қ.), бакалавриат + магистратура.  
  4. Алматы энергетика және байланыс университеті, бакалавриат.

Азаматтық авиация академиясында бұл мамандық бойынша мамандар даярланбайды. Оқу орнында  5В071400 – Авиациялық техника және технология, 5В074300 – Ұшатын аппараттар мен қозғалтқыштарды ұшуда пайдалану ( Ұшақ пен қозғалтқыштарды ұшуда пайдалану; Тікұшақ пен қозғалтқыштарды ұшуда пайдалану) мамандықтары бар.

Мәскеу мемлекеттік авиация институтының қазақстандық филиалында қазақстанның ғарыш саласына 200-ден аса маман даярлап жатыр.

А. Жұмағалиев

*** Ескерту: министр аталған ЖОО-да мемлекеттік білім беру тапсырысы аясында осынша студент білім алып жатқанын айтқысы келген болуы керек.

Үкім: Жалған

Мамандарға жоғарғы және ЖОО-нан кейінгі білім беруге қатысты мемлекет тапсырысының жылдар бойынша мәліметін қараймыз: Байқоңңыр қаласындағы Мәскеу авиациялық институты филиалына түсетін қазақстандықтарға  2017-2018  — 21 грант, 2018-2019  — 12, 2019-2020  — 14 грант бөлінген. Филиал «Восход» деп аталады.

Фактчек | Жұмағалиевтің ғарыш мамандарын даярлау жөнінде айтқаны

Шамалап алсақ, 2016 жылы грантқа түскен 45 адам түлеп шықты, ал 2017 жылы түскендер әлі білім алып жатыр. Осылайша, логикаға сүйене отырып бұл филиалда грант негізінде шамамен 47 адам білім алып жатыр.

БАҚ-да  (inform.kz) 2001 жылдан 2017 жылға дейінгі аралықта ҚР БҒМ есебінен «Восход»-та 322 қазақстан азаматы білім алған. 1996 жылдан 2017 жылға дейін 1500 қазақстандық осы оқу орнының түлегі атанған.

Атап өтейік, бұл филиалдың күндізгі бөліміне қазақстандықтарды РФ федералды бюджеті есебінен де оқуға қабылдайды: 2019 жылы «Восход»-та 29 қазақстан азаматы оқуын бастады. 8 адам оқу ақысын физикалық және (немесе) заңды тұлғалар төлейтін күндізгі бөлімге түсті, және 4 адам күндізгі-сырттай бөлімге ақылы негізде түсті. Бұл абитуриенттердің қайсысы грантқа түскені бізге белгісіз. Естеріңізге сала кетейік, биыл «Восход»-қа 14 грант бөлінген.

  • 2017 жылы РФ Федералды бюджетінің есебінен «Восход»-қа 26 қазақстан азаматы оқуға қабылданды. 1 студентіміз оқу ақысын төлеп күндізге бөлімге , 7 азаматымыз күндізгі-сырттай бөлімге ақылы негізде оқуға түсті.
  • 2018 жылы –29 қазақстан азаматы күндізгі бөлімге федералдық бюджет есебінен, 3-еуі күндізгі ақылы, 3-еуі күндізгі-сырттай бөлімге ақылы негізде оқуға түсті.

Осылайша, РФ есебінен оқып жатқан қазақстандық студенттерді қосқанның өзінде (мүмкін, біздің грант иегерлеріміз қандай да бір себеппен оқуға қабылдау туралы ресми бұйрықтар тізіміне еніп кеткен болар), министр айтқан 200 адам жиналмады.

Журналист, редактор, менеджер, журналистика саласындағы бірнеше кітаптың авторласы. Factcheck Kazakhstan жобасының бас редакторы

Factcheck.kz