ЖАЛҒАН | ҰБТ-да Роза Рымбаеваның үйі мен көйлегі туралы сұрақтар бар

Үкім: Жалған 

ҰБТ сұрақтарының ішінде Роза Рымбаеваның үйіне қатысты немесе көйлегі туралы сұрақтар бар деген сөз шындыққа жанаспайды.

ЖАЛҒАН | ҰБТ-да Роза Рымбаеваның үйі мен көйлегі туралы сұрақтар бар
Скриншот massaget.kz сайтынан
ЖАЛҒАН | ҰБТ-да Роза Рымбаеваның үйі мен көйлегі туралы сұрақтар бар
Скриншот otyrar.kz сайтынан
ЖАЛҒАН | ҰБТ-да Роза Рымбаеваның үйі мен көйлегі туралы сұрақтар бар
Скриншот otyrar.kz сайтынан

Қазақстанның Халық әртісі Роза Рымбаеваның өзі де бір сұхбатында ҰБТ қарсаңында өзіне ата-аналар телефон соғып, үйінде неше бөлме бар екенін сұрағанын айтқан. Сондай-ақ, өткен жылы бір түлек жаңалықтарда тестілеу кезінде Алматының сыра зауытына қатысты сұрақ келгенін жария еткен болатын. Көп ұзамай, мұны ойынан шығарғанын, ондай сұрақ болмағанын мәлімдеген. Расында да, Ұлттық бірыңғай тестілеуде Роза Рымбаеваның көйлегіне немесе үйіндегі бөлме санына қатысты да, Абылай ханның шапанына қатысты да сауал жоқ.

Тест сұрақтарын дайындайтын бірден-бір орган – Ұлттық тестілеу орталығы мұндай сұрақтардың ешқашан болмағанын ресми мәлімдейді. ҰБТ кезінде апелляцияға ең көп берілетін сауалдар қазақ тілі мен Қазақстан тарихы пәні бойынша болатынын да ҰТО мамандары жасырмайды. Ұлттық тестілеу орталығының бізге берген жауабы мынадай:

ҰБТ кезінде тест тапсырушылардан Қазақстан тарихы мен қазақ тілі пәндері бойынша ең көп апелляция 2012, 2016 жылдары келді деуге болады. Оған себеп – 2012-2015 жылдары оқулықтардың баспадан қайтадан шығарылуы. Тест тапсырмалары БҒМ бекіткен оқу бағдарламалары мен оқулықтарға негізделіп жасалатындықтан, бұрынғы оқулықтар бойынша дайындалған тест тапсырмаларындағы кей мәлімет жаңа оқулықта болмағандықтан, апелляцияға келіп түсті. Ондай оқулықтар арасындағы қайшылық тудыратын сұрақтар сараптама кезінде түзетіліп, өңделді.

Ал «Абылай ханның атының тісі, Рымбаеваның көйлегенің түсі» тәрізді тапсырмалар Ұлттық тестілеу орталығында (ҰТО) дайындалған тест тапсырмаларында болған емес.

Мұндай сауалдардың болмағанын кезінде Білім және ғылым министрі болған Бақытжан Жұмағұлов та ресми мәлімдеген болатын:

ЖАЛҒАН | ҰБТ-да Роза Рымбаеваның үйі мен көйлегі туралы сұрақтар бар
Скриншот bnews.kz сайтынан

ҰБТ-ның жаңа форматы бойынша сынама тест өткізумен айналысатын бірден-бір ұйым – Usudy.kz орталығы. Осы материалды жазу барысында біз тест орталығына барып, сынама тест тапсырып көрдік. Оқу сауаттылығы бойынша да, Қазақстан тарихы пәні бойынша да түсініксіз сұрақтар кездескен жоқ.

Factcheck.kz