Жалған | Роналду Палестинаға бір жарым миллион доллар бағыштады

Бірқатар бұқаралық ақпарат құралдары Португалия құрамасының және «Ювентус» клубының шабуылшысы Криштиану Роналду Рамазан айына орай Палестинаға 1,5 миллион доллар қайырымдылыққа бергенін жариялады. Аталған БАҚ-тардың арасында Ernur.kz, Elitar.kz, KazIslam.kz, TRT Қазақстан секілді қазақ тілді сайттар, Центр Азия порталы, Russian Today сияқты халықаралық медиалар да бар.

Роналдудың Палестинаға Рамазанға орай 1,5 миллион доллар көлемінде қайырымдылық жасағаны туралы ақпаратты алғаш болып албан тіліндегі faktiditor, albanienshow сайттары жариялаған.

Үкім: Жалған

Криштиану Роналдудың ресми парақшаларында, «Ювентус» клубы да бұл ақпараттың растығы туралы мәлімдеме жасаған жоқ. Factcheck.kz осыған байланысты футболшының агенттік қызметін атқаратын GestiFute компаниясына да хабарласқан, компания өкілдері таралған хабарламаның шындыққа жанаспайтындығын айтты. 

Жалған | Роналду Палестинаға бір жарым миллион доллар бағыштады
Хаттың скрині

GestiFute компаниясын белгілі футбол агенті Хорке Мендеш құрған. Компания Криштиану Роналду, Давид де Хеа секілді футболшылардың атынан агенттік қызмет көрсетеді.

Ақпарат қайдан шықты? 

Криштиану Роналдудың Палестинаға қайырымдылық жасағаны туралы ақпарат пен сурет ара-тұра медиа беттерінде жарияланып жатады. Мәселен, осындай хабар 2011 жылы шыққан болатын. Алайда, бұл – өңделген фото.

Жалған | Роналду Палестинаға бір жарым миллион доллар бағыштады

Фотоның түпнұсқасы 2011 жылы «Реал Мадрид» клубының футболшылары Бразилиядағы Лорка қаласында қайырымдылық акциясына қатысу кезінде түсірілген.

Криштиану қайырымдылық жасай ма?

Криштиану Роналду жиі қайырымдылық жасап тұрады. Мәселен, 2016 жылы Сириядағы балаларды қорғайтын Save the Children қайырымдылық қорына қаржы аударып, арнайы видео сәлемдеме жасаған. Алайда қордың ресми сайтында қайырымдылықтың нақты сомасын жасырын болғанымен, ірі мөлшерде екені айтылған.

Айта кетерлігі, Роналду – 2013 жылдан бері Save the Children қайырымдылық қорының Балалар жөніндегі жаһандық елшісі.

Factcheck.kz