“Үздік елдер индексі” деген не?

30 қаңтарда Sputnik.kg сайтында “Үздік елдер” рейтингінде Қырғызстан 69-орын алды” деген атпен материал жарияланды. Онда Бішкек Бразилия, Сауд Арабиясы мен Қазақстаннан алға шыққаны айтылады. The good country index рейтингін өзін “тәуелсіз сараптама ұйымы” деп атайтын топ жасаған.

Рейтинг добрых стран

Кейін бұл жаңалық news.7kg атты Instagram-дағы жаңалықтар парақшасында шықты.

Үкім: Манипуляция

Рейтинг 35 өлшемді есепке алады, бірақ кейбірінің адами нормаларға қаншалықты сай екені күмәнді.

Бұдан бөлек, рейтинг критерийлерінің кейбірі әлеуметтік дарвинизм теориясына келіңкірейді (бұл — фактчекинг нормасына қайшы болса да, біздің берген бағамыз. Мұндай рейтингілерді таратудың дұрыс-бұрыстығына қатысты да сауал көп).

Бұл не рейтинг?

Сайтта жазылған ақпаратта рейтингіні былай түсіндіреді:

“Good country index рейтингі елдің түпкі мақсаты қандай екенін анықтауға бағытталған. Мемлекет саясаткерлерінің, кәсіпкерлері мен азаматтарының мүддесін көздей ме, әлде адамзат пен жер-жаһанға қызмет ете ме – осыны анықтайды…”

Ұйымның жазуынша, идея қарапайым:

“Рейтинг елдер адамзатқа не беріп, одан не алатынын өлшейді. Біріккен ұлттар ұйымы мен басқа да халықаралық ұйымдар деректерін өлшей отырып, біз нақты бір елдің адамзат асыраушысы ма, әлде жаһанға масыл ма – осысын анықтадық” дейді.

Бұл рейтингіде Ирак соңғы орында тұр.

Индекст 7 секцияға бөлінген 35 өлшемнен тұрады: Ғылым мен технологияның дамуына; Ғаламдық даму мен теңдікке; Мәдениеттің өркендеуіне; Әлем қауіпсіздігі мен ісіне; Әлемдік тәртіпке; Ғаламшар климаты мен экологиясына; Ғаламдық денсаулыққа қосқан үлесі.

Рейтинг добрых стран

“Әлемдік тәртіпке қосқан үлесі” бөлімі Дүниежүзілік банк жасаған әлемдік туу көрсеткішіне негізделеді. Көрсеткіш жоғары болған сайын (!) бұл елдің рейтингідегі орнына негативті әсер етеді. Яғни, елде бала көп туса оның рейтингідегі орны төмендей береді. Мұның этикаға қаншалықты сай екенін өзіңіз шешіңіз.

Басқа өлшемдерге қатысты да осылай. Мәселен, “Экономикадағы қауіпті пестицидтерді экспорттау көлемі” де – ел үшін негативті әсер етеді. “Озон қабатына зиян келтіретін заттарды тұтыну деңгейі” де осындай. Баспасөз рейтингі де елдің индексте төмен түсуіне себеп болады. Бірақ бұл түсінікті де. Мәселен, “Шекарасыз тілшілер” ұйымы жасаған биылғы индикаторда Қырғызстан – 98, Қазақстан – 158-орында. Яғни, сөз бостандығы “нашарлаған” сайын мемлекеттің индекстегі орны төмендей береді.

“Үздік мемлекеттер индексіндегі” әрбір критерийге берілген түсініктемені мына сілтемеден оқуға болады. Ал мұнда – нақты категориялар мен олардың қандай деректерге негізделетіні, мына жақта нәтижелері жазылған (Қазақстан 153 елдің арасында 105-орында тұр). Бірінші орында — Финляндия, ортадағы 76-орында — Марокко, соңғы орында — Ирак.

Бұл не ұйым өзі?

Twitter-дегі сілтемелерге өтіп, индексті жасаған – Шығыс Англия университетінің профессоры Сайман Анхольттің ұлттық және мемлекеттік брендинг, ұлттық абырой саласының маманы екенін анықтадық. Парақшасы – мұнда, өзіне қатысты ақпарат мына жақта. Профессордың кез келген адам азаматы бола алатын виртуалды Үздік елі бар. Саймон Анхольт мұнда адамдар қалай Үздік елдің азаматы атана алатынын және жыл сайынғы салығы 5 доллар екенін айтады (қаласаңыз, бұдан да көп төлеуге болады).

Саймонның Ted talks-та айтқанын да тыңдап көріңіз.

 

Айгерим Мекишева
Журналист, фактчекер, МА (Journalism for international students, University of Westminster, London), технический писатель, редактор, PR-специалист, руководитель проектов (медиа и PR)