Фейк | Шемішкеде «хремитонол» уы бар

Соңғы аптада мессенджер мен әлеуметтік желілерде әлдебір «хремитонол» уы туралы хабарлама тарап кетті. Онда «Крутой Окер» шемішкесінің ішінде сыйлыққа берілетін кәмпитте «хремитонол» деп аталатын улы зат бар делінген.

Фейк | Шемішкеде «хремитонол» уы барХабарламада бұл у жамбас буынының іріңдеуіне себеп болатыны және ол жыныстық жолмен немесе ауа-сілекей арқылы жұғады деп айтылған. Қазақстандықтарға расымен қауіп төніп тұр ма, әлде бұл де кезекті бір фейк пе? Factcheck.kz жауап іздеп көрді.

Үкім: Жалған

Иә, бұл шемішкелер Ресейде өндіріліп, Қазақстанда сатылады. Қораптың ішінде расымен сыйлық ретінде қосылған шағын кәмпит бар. Дегенмен, онда ешқандай «хремитанол» жоқ және адамдардың өміріне де қауіп төндірмейді.

Ал, «мұсылмандарға арнап у ойлап тапқан қатыгез еврей ғалымдары» туралы ақпарат Орта Азиядағы фейк хабарламалардың стандартты бөлігі.

Тараған хабарлама туралы

Ең бірінші шемішкедегі у туралы хабарлама осы жылдың 3 қаңтарында пайда болды және Вконтакте, Одноклассники әлеуметтік желілерінде кең тарап кетті. Тексеріс нәтижесі көрсеткендей бұл қате аударғаннан болған фейк емес, өйткені шешішке ТМД елдеріне ғана тарайды, ал хабарлама негізінен Ресей мен Қазақстанда тараған.

Хремитонол және оның жоқтығы туралы

Factcheck.kz хремитонол уын ашық медициналық сөздіктер мен химиялық терминдер сөздігінен іздеп көрді, бірақ мұндай зат мүлдем жоқ.

Googlе-дағы қарапайым іздеу де оның тек бірдей мәтіні бар әлеуметтік желі хабарламаларында ғана кездесетінін көрсетті. Бұл заттың атауын фейкты ойлап тапқан адам шығарған болар…

FYI: жамбас буынындағы ірің туралы

Жамбас буынындағы ірің туралы айтқанда іріңді артритті айтқысы келген болуы керек. Терминологияда инфекциялық артрит деп аталған ауру жыныстық жолмен және ауа арқылы ғана берілмейді. Іріңді хирургия мен травмотология-ортопедияда іріңді артриттің екі түрі бар: алғашқы және екінші реттік. Алғашқысы, әдетте буында пайда болатын инфекциялар жарақаттанған кезде (ауыр жаралар, ашық сынықтар, сүйектің шығып кетуі немесе шығып-сынуы) немесе хирургиялық оталар жасалғанда ағзаның басқа бөліктерінен қантамырлар жүйесі арқылы келіп түсуі мүмкін.

Қарапайым сөзбен айтқанда, алғашқы іріңді артрит әртүрлі жарақаттардың әсерінен пайда болуы мүмкін. Екінші реттік артрит қоршаған тіндер, қан және лимфа арқылы инфекция жұқтырған кезде пайда болады. Яғни, екінші реттік іріңді артрит жыныстық және ауа-сілекей жолымен, сонымен қатар шырышты қабықтың қабыну қоздырғыштарымен әрекеттескенде беріледі.

Factcheck.kz ақпараттарды кем дегенде Google іздеу жүйесі арқылы тексеріп көрмей жатып таратпауға кеңес береді.

 

Журналист factcheck.kz

Factcheck.kz