Фейк | Мохаммед Салах өз құрамасына қолдау білдірген Тасмағанбетовке алғыс айтты

WhatsApp мессенджерінде Қазақстанның Ресейдегі елшісінің аты аталған мәтін тарап кетті. Хабарламада Салах өзінің твиттер-блогында Египет құрамасына рухани қолдау білдірген Иманғали Тасмағанбетовке алғыс айтқаны туралы айтылады. Бұл ақпаратты отандық Nur.kz және Abai.kz сайттары жариялады.

Үкім:Жалған

Футболшының әлеуметтік желідегі бірде-бір ресми парақшасында  мұндай мәтіні бар пост жарияланбаған.

Facebook парақшасы — https://www.facebook.com/momosalah/ 

Инстаграм парақшасы — https://www.instagram.com/mosalah/

Твиттердегі ресми парақшасы — https://twitter.com/mosalah

Қазіргі кезде мақаланы abai.kz сайты өшіріп тастаған. Бірақ оның тексті Гуглдың кеші мен nur.kz сайтында сақталған. Жалпы ақпаратта Салах өзінің туиттер парақшасына Египет құрамасына қолдау білдірген Тасмағанбетовтың хабарламасына өз алғысын айтты делінген.

Материалдың авторы  — Дидар Нөкеш, біздің Facebook-тегі тобымыздың жазылушысы. Сіздер де жоба жұмысына қатыса аласыздар. Ол үшін әлеуметтік желілердегі қазақ және орыс тілдеріндегі парақшаларымыз бен топтарымызға жазылу керек.

Редакция
Фактчек в Казахстане и Центральной Азии. Первый центральноазиатский фактчекинговый ресурс. Открыт в мае 2016 года. Член международной сети фактчекинговых организаций (IFCN)