Фактчек | Байбек: Зиян қалдықтың 70 пайызы көліктен шығады

7 желтоқсанда Vласть интернет-журналы мен басқа да басылымдар Бауыржан Байбектің Алматының әлеуметтік-экономикалық дамуына қатысты пресс-конференциясынан соң материал жариялады. Әлгі материалдарда Байбектің “Мен әкім ретінде 10 жұмыстың 7-еуін көлікке бағыттаймын. Себебі зиян қалдықтың 70 пайызы – содан” деген сөзі жазылған. Естеріңізде болса, былтыр әкім Алматының түтіні жайлы айтқанда, залалдың көбі көмір жағудан және ТЭЦ-1 мен ТЭЦ-2-ден келіп отыр деген.

Әкімнің баспасөз конференциясын мына сілтемеден көріңіз.

Үкім: Манипуляция

Алматы түтіні қызу талқыланатын тақырыпқа ғана емес, манипуляция объектіне айналған сияқты.

Біріншіден, әкімнің осы тақырып туралы былтырғы мәлімдемесі мен таяуда айтқан сөзі бір-біріне қарама-қайшы. Былтыр әкім “ауаны ластау бойынша алда көмір жағу мен екі ТЭЦ тұр” деп еді. Биыл “бірінші орынды” көлікке беріпті. Мүмкін қаланы газбен қамту көрсеткіші, ресми дерек бойынша, былтыр 97 пайызға жеткендіктен шығар. Әкім қаланы тұтастай газдандыру туралы 2017 жылы берген уәдесінде тұрды. Мұнда бір жыл ішіде 6 мың үй газбен қамтылғанын, қамтылмағант аз ғана үй қалғаны айтылады. Яғни, әкімнің логикасы дұрыс, бірақ бұдан қала тазарып кеткен жоқ.

Екіншіден, әкім ауаның 70 пайызы зиян газдан қай уақыт аралығында уланғанын айтқан жоқ. Қыста ма, жазда ма – түсініксіз. Бұған қоса, Алматыдағы ауа бассейнінің неден ластанып жатқаны туралы ресми ашық дерек көздерінің ешбірінде жазылмаған. Алайда республика бойынша мұндай дерек бар. Статистика комитетінің сайтында 2016 жылы жарияланған деректе “Ауаны ластайтын зиян бөлшектерді көбіне өндірістік кәсіпорындар шығарады, олардың үлесі – 80,8 пайыз” деп жазылған. Дегенмен тұтас Қазақстандағы жағдай Алматыға да тән деп айтудан аулақпыз.

Үшіншіден, aтмосфераны ластау компоненттері көп және олар әртүрлі. Олардың ауаны ластауға тигізер әсері де алуан.

Қазгидрометтің деректеріне үңілейік

Әкімнің “70 пайыз” дегеніне мән бермей, Алматы ауасының ластануы туралы деректерге үңіліп көрейікші. “Қазгидромет” ай сайын шығаратын ақпараттық бюллетеньдерге қарап, 2017 жылдың желтоқсанынан 2018 жылдың қарашасына дейінгі аралықты бақылап көрейік. Әлгі бюллетеньде ақпараттың қалай жиналатыны, ауа ластануының шектік мөлшері көрсетілген. Мәселен, 2017 жылдың желтоқсанындағы кестеге қараңыз:

Байбек

Байбек
2017 жылдың желтоқсанындағы дерек.

Біз ауа ластанауының айдағы орташа көрсеткіштерін жинап, 12 айдағы деректерді салыстырып қарадық (тамыз айындағы деректер Комитетте жоқ).

Байбек и воздух в Алматы

Нәтиже былай болып шықты.

Төмендегі инфографикада ластау үлесі тым төмен болғандықтан, фенол-формальдегидтер мен ауыр металдар ескерілмеген. Графикте шығарылатын газдардың, ТЭЦ-тер қоқысының, жалпы айтқанда жанармайдың кез келген түрін жаққанда ауаға тарайтын кез келген бөлшектіңкөміртегі оксиді, күкірт диоксиді, азот оксиді, PM 2,5 және PM 10, шаңның компоненті мен қосындысы бойынша ақпарат.

Байбек

Мына сілтемеге өтіп, жылу энергетика кәсіпорындарының шығаратыны туралы, мына жақтан және мұнда пайдаланылған газдың компоненттері туралы білуге болады. PM бөлшектердің нормалары да бар.

Байбек и воздух в Алматы

Графиктен зиянды бөлшектердің шығарылуы биыл күзде күрт көбейгенін көреміз. Бұған жылыту маусымының басталуы себеп болуы мүмкін. Жаздағы ең жоғары көрсеткіш маусымға келеді. Шаң мен көмірқышқыл оксидінің ең көп қаңтарда шығарылған. Бірақ PM 10 мен 2,5 бөлшектер қаңтарда және шілдеде мүлдем шықпаған.

Алматы түтінінің графигі

Фотоxимиялық түтін құруда негізгі саналатын азон оксидіне (NO и NO2) қатысты аxуал.

Байбек и смог

Көріп тұрғаныңыздай, азот оксиді бойынша көрсеткіштер 2017 желтоқсаны мен сол жылдың қаңтарында күрт өседі. Диоксид бойынша ең жоғары көрсеткіш былтыр қыста болған. “Қарашаға қарай Алматының 96 пайызы газдандырылды” деген ресми ақпаратқа қарамастан қарашадағы ластану деңгейі наурызға қарағанда біраз жоғары.

Шаң мен PM

Ауаның шаңмен және PM 2,5 мен PM 10 бөлшектерімен ластануы.

Байбек и воздух в Алматы

Қаңтарда шаңның көрсеткіштері біршама жоғары, 2017 жылдың соңында РМ бөлшектерінің шығуы өседі.

Барлық параметр бойынша салыстыру

Ал енді 2017 жылдың желтоқсаны мен 2018 жылдың маусымын салыстырып көрейікші. Қолда бар ақпаратты қатар қойсақ, желтоқсан мен маусым арасындағы айырма 34 пайызға жетеді.

Байбек и воздух в Алматы

Күкірт диоксиді мен көміртек оксиді

Байбек

2017 жылдың желтоқсаны мен маусымын (айдың орташа көрсеткіштерін) ауаның күкірт диоксидімен ластануы бойынша салыстырсақ – 0,079 және 0,029 мг/м3 болады. Маусымда ауаға тараған күкірт диоксиді мен көміртек оксидінің мөлшері желтоқсандағы көрсеткіштің 36,7 пайызына тең.

Воздух и Байбек

2017 жылдың желтоқсаны мен маусымын ауаның көміртек оксидімен ластануы бойынша салыстырсақ – 1,0 және 0,617 мг/м3 болады. Маусымда көміртек оксидін көліктер ғана шығарды деп, оның үлесі желтоқсанда да сол күйінде қалды деп есептесек, былтыр көліктер қыста барлық күкірт оксидінің 61,7 пайызын шығарған.

Әкімнің “70 пайызына” нақты бір үкім айту қиын болса да, Алматы ауасының ластануына қатысты тақырыпқа келгенде манипуляция бары рас.