Facebook желісіндегі пост үшін британиялық әйел жазалануы мүмкін

Британиялық Лалех Шахравеш өткен айда Дубай әуежайында тұтқындалды және екі жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Guardian-ның хабарлауынша Лалех бұрынғы күйеуінің қазіргі әйелі жайлы Facebook-та  жағымсыз екі жазба қалдырғаны үшін сотталуы ықтимал. “Дубайда тұтқындалу” қоғам белсенділері тобы Лалехтың босатылуын талап етеді.

БАҚ сөзіне сенсек, 55 жастағы Лалех Шахравеш Лондонның оңтүстік-батысында орналасқан Ричмонд қаласында тұрады. Наурыз айында Лалех жасөспірім қызы екеуі әуежайда тұтқындалды. Қазіргі деректерге сәйкес Лалех  2016 жылы жарияланған Facebook-тегі екі жазбасы үшін екі жылға дейін бас бостандығынан айырылады және 50 000 фунт стрелинг айыппұл төлеуі тиіс.

Лалех Шахравеш наурыздың үші қайтыс болған күйеуінің жерлеу рәсіміне Дубайға ұшып барған.

Топ қатысушыларының айтуынша олар Дубайда өткен жерлеу рәсіміне қатысқан. Лалехтың бұрынғы күйеуі наурыздың үші күні жүрек талмасынан қайтыс болған. Айыпталушының 14 жасар қызын қамаудан босатылды және ол үйіне жалғыз қайтты.

Британияның сыртқы істер министрлігі ведомства қызметкерлері Лалехке және оның отбасына қолдау білдірді. Сондай-ақ олар БАӘ билігімен байланысқа шыққандарын айтты.

Шахравеш бұрынғы күйеумін 18 жыл отасқан және сегіз айдай Дубайда өмір сүрген. Ажырасқаннан соң, Лалех Facebook-те жарияланған фотодан бұрынғы күйеуі екінші рет үйленгенін көреді.

Сол сәтте Лалех парсы тілінде “жер түбіне түсіп кетесіңдер деп үміттенемін, ақымақ. сайтан алғыр!” деген  екі пікір жазады.

Содан кейін экс-күйеуінің жаңа әйелін кемсіту мақсатында ескертпе жасайды.

Шахравештың қызы БАӘ премьер-министріне және Дубай басшысына анасын босату туралы өтініш-хат жазды.

BBC хабарлауынша Лалех кепілмен босатылып, қонақ үйде орналасты. Қазіргі уақыттар оның паспорты тәркіленген.

Сергей Ким
Журналист, медиакритик, фотограф. Работал на телевидении и радио, сотрудничал с проектом «Радиоточка» до его закрытия в 2017 году. Возглавлял алматинскую редакцию проекта «Спутник-Казахстан», ведёт колонку медиакритики для проекта NewReporter.org