BBC-дің орыс қызметі азаматтардың жеке деректерін сату алаяқтығын зерттеді

Ресейде заңсыз «онлайн-табу» нарығы өсіп келеді: мобильді желінің қолданушылары жайлы жеке ақпаратты сатып алуға болады. Бұл жайлы астыртын бизнесті зерттеген BBC-дің Орыс қызметі хабарлады. Автор бұл заңсыз бизнесті жауып тастау мүмкін емес деген нәтижеге келді.  

Зерттеудің толық нұсқасында: смартфонның сигналы арқылы қалада жүру бағыты, телефон қоңырауларының деректемелері, банк карточкаларының құпия сөздері жайлы мәліметті сатып алуға болатыны айтылған. «Онлайн-табу» нарығында «Розыск-Магистраль» (азаматтардың пойыз және самолетпен жүруі)  және «Российский паспорт» (құжат жайлы кеңейтілген ақпарат) қызметінен де ақпарат алуға болады.

«Российский паспорт» жүйесі 2018 жылы Bellingcat журналистері Скрипаль ісі бойынша зерттеу жүргізгенде танымал бола бастады. Ұлыбритания билігі барлау басқармасының бұрынғы офицері Сергей Скрипальды улады деп айыптаған Александр Петров пен Руслан Башировтың ісіне қатысты деректерді журналистер осы жүйеден алған. «Российский паспорт» жүйесінен Bellingcat айыпталушылардың шын тегі Мишкин және Чепига екенін анықтады.

BBC-дің орыс қызметі азаматтардың жеке деректерін сату алаяқтығын зерттеді

Bellingcat ВСС-ге заңсыз нарықтағы «Российский паспорт» жүйесінен ақпаратты сатып алмағанын, жүйеге қол жеткізе алатын сенімді дереккөзі арқылы алғанын мәлімдеді.

«Росбалттың» хабарлауынша кейіннен Петров пен Боширов жайлы ақпаратты берген шекара қызметі бөлімінің және ФСҚ қызметкерлері анықталды. Зерттеу авторының айтуынша арнайы оперция нарықтың ісін біраз уақытқа тоқтатып қойған.

2019 жылдың көктемінде бизнес қалпына келді. BBC тілшісі осыған дейін телефон номері жайлы мәліметті алған делдалдан, «Российский паспорт» жүйесінен өзі жайлы ақпаратты 2 мың рубльге тапсырыс берген.

Тәжірибе үшін тілші өзі және туысы жайлы жеке дереке тапсырыс берді.

Тілші форумдардың бірінде жеке мәліметті сататын анонимді сатушымен Telegram арқылы байланысқа шықты. Эсперимент шартына сәйкес ол атын атамай, өзін қарапайым сатушы ретінде таныстырды. Сатушыдан екі нөмірді тауып беруін сұрады: бірі өзінікі («Мегафон»), екіншісі туысының нөмірі («Билайн»).  Мақсат ұялы байланыс операторларына бұйрық беретін делдалды табу.

Тапсырып бірнеше сағаттың ішінде дайын болады және төлем «Яндекс.Деньги» қызметі арқылы алынады.   

Нөмірдің иесі және оның соңғы айда қоңыраулары бойынша қаладағы қимыл-қозғалысы жайлы ақпарат 10 мың рубльге бағаланды. Координаттар жақын маңдағы ұялы мұнаралардың мекенжайы арқылы анықталды және шыныменде қаладағы қозғалысымен сәйкесті.  

Алаяқтарды жазалау үшін Ресейде үш негізгі қылмыстық баптар қолданылады: «Адамның жеке басына қолсұғушылық», «Хабарламалардың, телефон қоңырауларының және басқа да хаттардың құпиялығын бұзу»(қызмет бабын асыра пайдалану) және «Коммерциялық, салықтық және банктік құпияны құрайтын ақпаратты заңсыз ашу немесе алу»

2016 жылы осы баптар бойынша 59, ал 2017 жылы 70 үкім шығарылды. Жоғарғы сот жанындағы сот департаментінің статистикасы бойынша 2018 жылы бұл көрсеткіш 49-ға төмендеді. Кейбір жағдайда алаяқ бірнеше бап бойынша жазасын өтейді.

Деректерді сатқаны үшін сотталған адамның типтік портреті: табысы төмен, кішкентай баласы бар және әдемі өмірді армандайтын ауылдан келген жас қыз немесе жігіт. Сондай-ақ, тергеу нәтижесінде бұл қаржы мекемелерінде немесе ұялы байланыс қызметі компанияларында жұмыс істейтін қарапайым қызметкер екені анықталды.

Журналист, медиакритик, фотограф. Работал на ТВ (телеканалы «Алматы», Astana, КТК, 7 канал), в печатных и мультимедийных интернет-изданиях, сотрудничал с проектом «Радиоточка» до его закрытия в 2017 году, занимался медиакритикой в издании «Новый репортёр».

Factcheck.kz