Әсия Тулесова мен Бейбарыс Толымбекті мерзімінен бұрын босатты

Марафонда «Шындықтан қаша алмайсың» деген жазуы бар баннерді ұстағаны үшін 15 күнге қамалған Әсия Тулесова мен Бейбарыс Толымбекті мерзімінен бұрын босатты. Бұл қоғам белсенділеріне де, жастардың туыстарына да тосыннан болды.

«БОСТАНДЫҚ! Әсия мен Бейбарысты қоғам наразылығынан қауіптенгендіктен аяқ асты алып келді! Кім келгісі келсе, келсін!» — деп жазды Тулесованың анасы Жанар Жандосова Facebook парақшасында.

Әсияны күтіп алу барысында түсірілген видеоны Әсем Джапишева да парақшасында жариялады:

Бұдан бөлек Джапишева Бейбарыс Толымбектің де сөзін жариялады:

«Мен әділ сайлау үшін және тұтқындардың құқықтары үшін күресетін боламын. Бұл тек басы ғана».

Бұдан бірнеше сағат бұрын қоғам белсенділерінің Әсия мен Бейбарысты күтіп алуға баратындығы хабарланған болатын.

Сергей Ким
Журналист, медиакритик, фотограф. Работал на телевидении и радио, сотрудничал с проектом «Радиоточка» до его закрытия в 2017 году. Возглавлял алматинскую редакцию проекта «Спутник-Казахстан», ведёт колонку медиакритики для проекта NewReporter.org