Желіде тек фейк жаңалықтар жазатын сайт пайда болды

Интернетте тек қана жалған жаңалықтар тарататын сайт пайда болды. Сайтты канадалық химик, МакМастер университетінің түлегі Лекса Грэм құрған. Биылғы жылдың ақпан айында құрылған жаңа сайт жайлы Мир24 басылымы хабарлайды.

DNAturned сайты ғылымдағы жалған жаңалықтарға арналған. Сайтта ғылыми жаңалықтар мен күмәнді зерттеулер жайлы жазылады. Осылайша Грэм шындыққа жанаспайтын, алайда оқырманның назарын аудартатын мақалаларды көрсеткісі келеді.

Сайт медицина, биология, қоршаған орта, астрономия, химия сынды бөлімдерден тұрады. Көбіне “телескоппен түсірілген алғашқы суреттер ғалымның объективтен қақпақты алып тастауды ұмытып кеткенін көрсетті” немесе “әлемдегі ең жалғызбасты кит жылдар бойы өзіне жұп таба алмай келеді, өйткені үнемі СӨС туралы айтады” деген сарындағы мақалалар жарияланады.

Желіде тек фейк жаңалықтар жазатын сайт пайда болды

Грэм сайт жасауға үш ай, ал мақалалар жариялауға төрт ай жұмсаған. Кейінірек химикке тағы он шақты автор қосылды. Алдағы уақытта Грэм ақпараттық видео роликтер дайындамақшы.

Сайт жасаушылары жалған ақпарат тарататын әріптестерін ұялтып қана қоймай, қоғамның назарын елеулі проблемаларға, оның ішінде жаһандық жылынуға аудартқысы келеді.

Грэм сайтқа дейін стендаппен айналысты. The Onion және CBC Comedy сияқты сатиралық “жаңалықтар” басылымдарына материал жазған.

Контекст

Естеріңізде болса, біз бұған дейін тек ойдан шығарылған ақпарат тарататын panorama.pub туралы бірнеше рет жазған едік. Аталмыш сайт Қазақстан туралы да ондаған жалған ақпарарт жазған.

Factcheck.kz