Жалған: Маскалар COVID-19-дан қорғайтынын дәлелдейтін бірде-бір ғылыми зерттеу жоқ

Әлеуметтік желілерде маскалар коронавирустан қорғайтынын дәлелдейтін бірде-бір ғылыми зерттеу жоқ деген ақпарат тарап жатыр. Stopfake.org сайтының айтуынша COVID-19 пандемиясы кезінде маскалардың тиімділігін көптеген ғалымдар зерттеді және дәлелдеді.

COVID-19 пандемиясы кезінде масканы тағудың тиімділігін талдайтын көптеген зерттеулер бар.

Мысалы, австралиялық ғалымдардың зерттеуі бойынша маска тағу тиімді екенін көрсетті. Зерттеушілердің айтуынша Райян МакИнтайр мен Абрар Чугтай қоғамдық орындар мен медициналық мекемелерде сау адамдардың маска тағуы жаңа коронавирус инфекция пандемиясы кезінде қоғам үшін пайдалы болуы мүмкін.

Ал Ұлыбритания ғалымдары модельдеудің көмегімен маскалық режимнің ауру деңгейінің қалай төмендейтінін көрсетті. Мақалада ғалымдар әлеуметтік арақашықтық сақтау немесе карантин кезеңінде масқа тағу COVID-19 пандемиясын басқарудың және экономикалық белсенділікті жаңартудың қолайлы әдісін қамтамасыз ете алады деген қорытындыға келді.

Ұлыбритания ғалымдарының айтуынша бұл нәтижелер дамыған елдер үшін де, дамушы елдер үшін де өзекті.

Factcheck.kz