WhatsApp және Telegram-дағы хатты оқи алатын вирус табылды

“Касперский зертханасы” ресейлік компаниясы мессенджерлерде хат оқи алатын  вирус туралы мәлімдеді. FinSpy тыңшылық бағдарламасын (сондай-ақ бағдарлама FinFisher ретінде белгілі)  неміс Gamma Group компаниясы толығымен заңды түрде сатады. Бағдарлама жайлы компанияның ресми сайтында айтылған.

“Касперский зертханасы” өкілдерінің айтуы бойынша соңғы жылдары олар шпиондық бағдарлама жұқтырған ондаған мобильді құрылғыларды анықтаған. Компанияның ресми сайтында:

«Тыңшылық бағдарламаның компьютерлерге арналған нұсқасы да бар (тек Windows үшін емес, сонымен қатар macOS және Linux). Бірақ, ең үлкен қауіп мобильді құрылғыларға арналған “импланттар” болып табылады. Мысалы FinSpy iOS-қа да, Android-қа да орнатылуы мүмкін. Бұл ретте әрбір платформа үшін функциялардың бірдей жиынтығы қол жетімді. Бағдарлама вирусталған құрылғыны толық бақылауға мүмкіндік береді. Қауіпті вирус әрбір қолданушымен “жеке жұмыс істейді”. Сондықтан вирус қолданушының жеке мәліметіне, сақталған нөмірлерге, қоңырау шалу тізіміне, геолокацияға және хаттарға қолжеткізе алады» деп жазылған. 

Сондай-ақ, “Касперский Зертханасының” айтуынша, FinSpy дауыстық және VoIP-қоңырауларды жазып, Whatsapp, WeChat, Viber, Skype, Line, Telegram, сондай-ақ Signal және Threema мессенджерлерінен хабарламаларды оқи алады. Бағдарлама мессенджер арқылы жіберген, таратқан фото мен видеоларды оқи алады.

Вирусты тексерілмеген сілтемені басу немесе СМС арқылы “жұқтыруға” болады. Әсіресе, Android иелері қауіпті аймақта орналасқан. Ал,  вирусты IOS-қа орнату үшін алдымен жүйені бұзу керек. 

Вирустан сақтану жолдары

“Касперский зертханасы” FinSpy-дан сақтану жолдарын ұсынады:

  • Электронды хат, мессенджер немесе SMS арқылы келген күдікті сілтемені баспаңыз.
  • Маңызды деректерге қол жеткізуге болатын Android-та рут-құқықты алуға болмайды (немесе IOS-да джейлбрейк жасауға болмайды).
  • Мұндай вирустарды алдын алатын бағдарлама қолданыңыз.  Дегенмен iOS жүйесіне арналған мұндай бағдарлама жоқ. 
Factcheck.kz