Twitter үшін хабарламаларды өңдеу қызметін енгізу басым міндет емес

Twitter-де жақын арада хабарламаларды өңдеу қызметін қосу жоспарында жоқ. Сан-Франциско қаласында өткен баспасөз мәслихатында компания өнімінің жетекшісі Кайван Бейкпур күтілетін өзгерістер туралы сөз қозғады. Сонымен қатар желі қолданушылардың жиі айтылатын редакциялау қызметін қосу тақырыбында сөз сөйледі. Компания топ-менеджердің сөзін Techcrunch басылымы хабарлады.

Бейкпур:

 «Шынымды айтсам бұл қызметті белгілі бір сәтте қосауымыз керек деп ойлаймын. Бірақ, бұл қызметке басымдық беріп отырған жоқпыз» деп мәлімдеді. 

Басшы твиттерде өңдеу функциясын еңгізу кейбір қиындықтарға әкелуі мүмкін екенін атап өтті. Оның айтуынша компания твиттердегі қатені түзетуге немесе қолданушылардың не айтқысы келгенін болжап білетін қызмет түрі іске қосылуы мүмкін екенін айтты.

Маусым айында Twitter әлеуметтік желілердегі деректерді зерттеуге арналған жүйені әзірлеген Лондондық Fabula AI стартабын сатып алғаны белгілі болды. Компания бұл технологияны фейк жаңалықтың дереккөзін анықтау үшін қолданады.

Factcheck.kz