Трамп жаппай кісі өлтіру оқиғасынан кейін расизм мен фейк жаңалық туралы пікір білдірді

АҚШ президенті Дональд Трамп американдықтарды нәсілшілдікті, төзбеушілікті және [ақ нәсілдіні ұлықтайтын идеологияны] ұстанбауға шақырды. Сонымен қатар,   BBC  орыс қызметінің хабарлауынша Трамп тағы да фейк жаңалықтар мәселесін қозғады.

Президенттің баяндамасын демалыс күндері АҚШ-ты дүрсілкіндірген екі жаппай кісі өлтіру оқиғасынан кейін жасады. Техастағы Эль Пасо сауда орталығына шабуыл жасау және Дейтон қаласындағы (Огайо штаты) бар алдындағы шабуыл 30-дан астам адамның өмірін қиды.

Ақ үйде баспасөз алдында “бұл қорқынышты идеологияларды жеңу керек”, – деп мәлімдеме жасады.

Эль-Пасодағы трагедияға «ішкі терроризм» деген баға берілді. 

Американдық басылымдарда пайда болған ақпаратқа сүйенсек шабуылдаушының ақ ұлтшылдықтың идеяларымен шабыттанғанын және “ақ нәсілдің үстемдігін” қалайтынын көрсетеді. Шабуылға дейін қылмыскер  бұл ісін «Техасқа латиноамерикандық шабуылға жауабы» деп атап, интернетте манифест жариялады.

Бұған дейін Трамп суық қаруға бақылау жасау үшін республикалықтар мен демократтар күш-жігерін біріктіру керек деген болатын. Сондай-ақ, осы шараларды иммиграциялық реформамен байланыстыруды ұсынды, ал БАҚ-ты қылмысқа алып келеді деп айыптады.

Твиттер парақшасында:

«Жалған жаңалықтар көптеген жылдар бойы өсіп келе жатқан зұлымдыққа және ызаға ықпал етеді» деп жазды. 

Американдық баспасөзде жаппай өлтіруді ең көп тараған критерийлерінің бірі – төрт және одан да көп адам өлтірілген немесе жараланған болуы тиіс. Бұл анықтамаға сүйенетін болсақ Gun Violence Archive дерегі бойынша АҚШ-та 2019 жылы 251 оқиға орын алды.