Трамп Ресейдегі “Буревестник” зымыранының жарылысы туралы болжамды қолдады

АҚШ президенті Дональд Трамп The New York Times-тың Архангельск облысындағы  “Буревестник” ядролық энергоқондырғысы бар қанатты зымыранның сынақтары туралы болжамды растады. Президенттің Twitter парағында жазған мәлімдемесін ресейлік «Ведомости» басылымы хабарлады. 

Дональд Трамп:

“Ресейлік Skyfall-дың жарылуы (НАТО – ред. жіктемесіндегі” Буревестниктің” аталуы)   полигон айналасындағы және одан қашық жерлердегі ауаның ластануына көбінің назарын аудартты» деп жазды.

Оның айтуынша, АҚШ бұл оқиғадан қорытынды жасап,ал Штаттарда “ұқсас, бірақ озық технологиялар” бар.

New York Times басылымы АҚШ барлау мәліметтеріне сүйене отырып, “Буревестникті”сынау кезінде саров ядролық орталығы қызметкерлерінің қаза болғаны туралы хабарлады.

Тамыздың 8-і Северодвинскідегі полигонын жарылыс болды. Қорғаныс министрлігі жарылысқа байланысты деректер келтірді. Олардың айтуы бойынша жарылыс сұйық реактивті қозғалтқышты сынау кезінде орын алды. Оқиға орнынан шамамен 40 шақырым жерде орналасқан Северодвинскіде радиация деңгейінің артуы тіркелді. “Росатом” хабарлағандай, жарылыс салдарынан бес қызметкер қаза тапты,  үшеуі жарақат алып, денелерін түрлі дәрежедегі күйік шалған.

Factcheck.kz