Тоқаев: Шілде айында мұқтаж адамдарға 42 500 теңге төленеді

Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің туиттерінде карантиннің шілде айының соңына дейін жалғасатынын хабарлады. Сонымен қатар президент мұқтаж жандарға үкімет шілде айына 42,5 мың теңге төленетінін хабарлады.

Осыған дейін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында өткен онлайн-брифингте ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов 42 500 теңге көлеміндегі әлеуметтік төлем үшінші рет берілмейтінін айтқан болатын.

Factcheck.kz