Tik Tok Қытайдағы репрессиялар жайлы айтқан жасөспірімнің аккаунтын бұғаттады

ТikTok макияж туралы видео түсіріп, Қытайдағы қуғын-сүргінді сынаған жасөспірімнің аккаунтын бұғаттады. Алайда, компанияның айтуынша жасөспірім Усама бен Ладен қатысқан видеоны жариялағаны үшін аккаунты бұғатталды. Бұл туралы BuzzFeed News хабарлайды.

Қарашаның 23-і Нью-Джерсида тұратын 17 жасар Фероза Азиз (Feroza Aziz) TIkTok аккаунтында кірпікті қайыру тәсілдері жайлы видео жариялады. Кірпік қайыру әдісін көрсете отырып кенеттен Қытайдағы қайта тәрбиелеу лагерлеріндегі ұйғырлардың жағдайы жайлы айта бастады.

https://twitter.com/badboyyeehaw/status/1198550158751019009

Алдымен керлерді алып, кірпікті қайыру керек. Қайырып болған соң, керлерді жайына қойып, телефоныңызды алып, қазір Қытайда орын алып жатқан оқиғалар жайлы ақпарат іздеңіз. Онда жазықсыз мұсылмандарды лагерьге қамап, отбасын бұзып жатыр. Сонымен қатар оларды ұрлап, өлтіреді, зорлайды, алкоголь ішуге, шошқа етін жеуге мәжбүрлейді. Қыспақпен дінінен бас тартуға мәжбүрлейді. Бұл кезекті Холокост, бірақ ешкім бұл туралы айтпайды.

Фероза Азиз

Қытайда лагерлерді “білім беру орталықтары”деп атайды. Алайда, басқа мемлекеттер Қытай үкіметін мыңдаған ұйғырларды, қазақтарды, қырғыздарды және ислам мен христиан дінін уағыздайтын басқа ұлт өкілдерін жаппай заңсыз бас бостандығынан айыруда деп айыптауда.

Қарашаның 25-і жасөспірім блогердің TikTok-тегі аккаунты бұғатталып, тіпті қосымшаға кіруге тыйым салынды. Екі күннен соң бұл оқиға әлеуметтік желілерде және БАҚ-та үлкен резонанс тудырған соң, компания блогерден кешірім сұрап, аккаунтын қайтарып берді.

Компанияның айтуынша Азиздің аккаунты Усама бен Ладеннің суреті бар “сексуалды” видео жариялағаны үшін бұғатталды. Блогер бар болғаны интернетте кең тараған Усама бен Ладен бейнеленген мемды қолданғанын айтып, ақталды.

Factcheck.kz