The Guardian: РФ арнайы қызметімен байланысты адамдар жылдар бойы желіде фейк таратты

Ресей Федерациясының арнайы қызметімен байланысты адамдар бірнеше жыл бойы батыстың жетекші саясаткерлері жайлы жалған ақпарат таратқан. Сарапшылардың жалған ақпарат дереккөзін анықтау зерттеуінің қорытындысын The Guardian хабарлады.

Ұлыбританияның бұрынғы сыртқы істер министрі Борис Джонсонның өміріне қастандық жасау, Сергей мен Юлия Скрипаль оқиғасында «Настоящая ИРА» тобының қатысы сынды жалған ақпараттарды Atlantic Council зертханасы анықтады. Зерттеушілердің мәлімдеуінше фейк жаңалықтардың таралауында ресей арнайы қызметінің қатысы болуы әбден мүмкін. Фейктерді таратуда 9 тілде 30 түрлі платформа, әлеуметтік желілер, әсіресе Facebook қолданылды. 

Фейк жаңалықтардың ішінде Brexit қарсыластары өзара астыртын әрекет етіп жатыр деген ақпарат пайда болып, танымал британ және америка саясаткерлерінің атынан қолдан твиттер жазылды. Оның ішінде, Ұлыбританияның қорғаныс министрі Гэвин Уильямс пен АҚШ сенаторы Марка Рубионың атынан жалған твиттер пайда болды. Кампанияның басты мақсаты батыс қоғамында «келіспеушілік тудыру».

Сонымен қатар, бұл «троль фабрикасында» студенттер емес, Ресей әскери барлау бөлімінің қызметкерлері жұмыс істеген. Дегенмен, әлі күнге дейін ресми мәлімдемелр жасалған жоқ. Ресей шет мемлекеттердің істеріне онлайн араласуын әрдайым жоққа шығарады. Зерттеу авторларының айтуынша фейк таратуға қомақты қаржы жұмсалған. Алайда, жалған ақпаратқа ешкім мән бермеді де, трольдердің жұмысы нәтижесіз қалды.